Юрий Степанович Клушкин
Юрий Степанович Клушкин (7 ақпан, 1937, Ферғана, Өзбек КСР) – оркестр солисті. Қазақстанның халық әртісі. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры. ҚРның Білім беру ісінің Үздігі.
Юрий Степанович Клушкин | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Белсенділік жылдары | 1956 бастап |
Мемлекет | |
Мамандықтары | музыкант, |
Аспаптары | |
Жанрлары | |
Марапаттары |
Жалпы мәліметтер
Ұлты - Орыс.Ташкент мемлекеттік консерваториясын (1960) концерттік орындаушы мамандығы бойынша;Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (1961) оркестрсолисі, оқытушы мамандығы бойынша бітірген.1987 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үрмелі және соқпалы аспаптар кафедрасының профессоры.
Шығармашылығы
- 1956 жылдан - М. Горький атындағы Мемлекеттік орыс драма театрының әртісі.
- 1959 жылдан - Өзбек мемлекеттік эстрадасының әртіс-кернейшісі.
- 1960 жылдан - ҚазКСР Министрлер кеңесі жанындағы Радио және телевизия комитетінің эстрадалық оркестрінің әртісі *1962 жылдан - ҚазКСР Мемлекеттік симфониялық оркестрінің әртісі.
- 1979 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оқу-тәрбие жөніндегі проректоры.
- 1986 жылдан - Мемлекеттік симфониялық оркестрдің кернөйлер тобының концертмейстөрі.
- 1988 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үрмелі және соқпалы аспаптар кафедрасының профессоры әрі меңгерушісі.
- 1993 жылдан бері - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының үрмелі және соқпалы аспаптар
кафедрасының профессоры.
Марапаттары
- 1971 жылы (Қазақ КСР) «Қазақстанның еңбек сіңірген артисі» құрметті атағы;
- 1984 жылы (Қазақ КСР) «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атақтары берілген.
- 1987 жылы профессор;
- 2000 жылы ҚР Президенттік степендиясының иегері.
- 2002 жылы ҚР тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке «Құрмет» Грамотасы;
- 2004 жылы елбасының жарлығымен «Парасат ордені» мен марапатталған.
- 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерекелік медалі;
- 2016 жылғы ҚР тұңғыш президенті – Елбасының мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры.
- Қазақстан Білім саласының үздік қызыметкері.
Жеке қасиеттері
Діни көзқарасы - атеист.Саяси қайраткер рөтіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Оптимистік».Сүйіп оқитын әдебиеті - классика.[1]