Су текелері

Су текелері (лат. Reduncinae) - қуысмүйізділер кіші тұқымдасы.

Су текелері
Қазбалық ауқымы: Late Миоцен to Recent
Коб
Коб
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Хордалылар
Табы:Сүтқоректілер
Сабы:Жұптұяқтылар
Тұқымдасы:Қуысмүйізділер
Кіші тұқымдасы:Reduncinae
Meyer, 1907
Туыстары

Kobus
Redunca

Сипаттама

Дене ұзындығы 125-220 см-шоқтығының биіктігі 70-130 см. Мүйіздері тік немесе лиротәрізді - жуанданған білезік тәрізді жерлері байқалады. Ортаңғы тұяқтары ұзын - үшкірленген. Жалы бар. Африканың саванналары - орман алаңдары- су қоймалары маңымен сазды жерлерін мекендейді. Личи түрі ХТҚО-ның Қызыл кітабында.[1]

Түрлері

Су текелеріне екі туыс жатады:

  • Су текелері (Kobus)
    • упемба личисі (Kobus anselli)
    • кәдімгі су текесі (Kobus ellipsiprymnus)
    • нил личисі (Kobus megaceros)
    • личи (Kobus leche)
    • коб (Kobus kob)
    • пуку (Kobus vardonii)
  • Редункалар (Redunca)
    • кәдімгі редунка (Redunca redunca)
    • үлкен редунка (Redunca arundinum)
    • тау редункасы (Redunca fulvorufula)

Дереккөздер


Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Reduncinae