Пабло Сарабия

Пабло Сарабия Гарсия (ис. Pablo Sarabia García; 11 мамыр 1992[1], Мадрид) — испаниялық футболшы, Испания Ұлттық футбол құрамасы мен "Пари Сен-Жермен" клубының "Спортингке" жалға берілген жартылай қорғаушысы.

Пабло Сарабия Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

11 мамыр 1992 (1992-05-11) (32 жас)

Азаматтығы

 Испания

Бойы

174

Салмағы

74

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Португалия Спортинг Лиссабон

Номері

17

Клуб карьерасы[* 1]
2009—2011Испания Кастилья49 (15)
2011—2016Испания Хетафе131 (11)
2016—2019Испания Севилья101 (26)
2019—Франция Пари Сен-Жермен50 (11)
2021— Португалия Спортинг Лиссабон
Ұлттық құрамы[* 2]
2019— Испания14 (1)

Карьерасы

"Реал Мадрид" клубының түлегі. 2009-11 жылдары "Реал Мадрид" фарм-клубында ойнады, бірақ негізгі құрамға іліге алмай, "Хетафеге" ауысты.

2016 жылы "Севильяға" ауысты.

2019 жылы 1 шілдеде "Пари Сен-Жермен" клубына ауысты.

2021 жылы 1 қыркүйекте "Спортингке" жалға берілді.

Ұлттық құрама

Испанияның 16, 17, 18, 19, 21 жастағы құрамаларында ойнады. 2011 жылы 19 жасқа дейінгілер арасындағы Еуропа чемпионатына қатысып, чемпион атанды.

Ұлттық құрама сапында 2020 жылғы Еуропа чемпионаты мен 2021 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіне қатысты.

Жетістіктері

«Пари Сен-Жермен»
  • Франция чемпионы: 2019/20
  • Франция кубогы (2): 2019/20, 2020/21
  • Лига кубогы: 2019/20
  • Франция суперкубогы (2): 2019, 2020
Испания
  • Еуропа чемпионы (19 жас): 2011

Дереккөздер

Сілтемелер