Джерси (арал)

Джерси (ағылш. Jersey [ˈdʒɜrzi], фр. Jersey [ʒɛʁˈzɛ], норманд. Jèrri) — Ла-Манш бұғазында орналасқан арал. Норманд аралдарының құрамына енеді. Сол аралдардың ішінде ең ірісі (116 км²) болып табылады.

Джерси
ағылш. Jersey
фр. Jersey
норманд. Jèrri
ТуЕлтаңбасы
ТуЕлтаңбасы

Ma Normandie
God Save the Queen

Әкімшілігі
Енеді

12 округ

Әкімшілік орталығы

Сент-Хельер

Тарихы мен географиясы
Жер аумағы

116 км² км²

Уақыт белдеуі

UTC

Тұрғындары
Тұрғыны

97 857 адам адам (2011)

Ресми тілдері

ағылшын және француз тілі

Телефон коды

+44-1534

Интернет-үйшігі

.je

Джерси картада

Джерси, карта

Халқы — 97 857[1] адам (2011). Джерси — Британ монархиясының мемлекеттік иелігі, алайда Ұлыбритания бөлігі болып саналмайды. Біріккен Патшалықтың міндеті — Джерсиді қорғау. 1973 жылы Ұлыбритания Еуропалық одаққа мүше болып кірді, сондықтан Норманд аралдары мен Гибралтар Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Патшалығы арқылы Еуроодаққа мүше болып есептеледі.[2] Джерсидің өзіндік парламенті — Джерси Штаттары бар. Джерсидің мемлекеттік иеліктеріне бірнеше кіші арал енеді.

1940 жылдың 1 шілдесінен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында нацистік Германиямен оккупацияланған, Сондықтан бұл ел үшін 9 мамыр — Азаттық күні болып есептеледі.

Бұл жерде джерсилік тұқымды майлылығы жоғары сүт беретін сиырлар өсіріледі, сондай-ақ әйгілі трикотаж матасы (Джерси матасы) осы аралдың атын иеленген[3].Аралдың құрметіне АҚШ штаты — Нью-Джерси аталынған.

Аралдың ең танымал тұрғыны — натуралист және жазушы Джеральд Даррелл, Джерсилік зообақтың негізін салушы.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

2°07′57″ б. б. / 49.21667° с. е. 2.13250° б. б. / 49.21667; -2.13250 (G) (O) (Я)