National Geographic Channel

National Geographic Channel (NatGeo, National Geographic телеарнасы) – Америкалық телеарна, Америка Құрама Штаттарының Ұлттық географиялық қоғамдастықтың шығарған ғылыми-танымдық фильмдерді көрсетеді. Телеарна көбінесе ғылым, табиғат, мәдениет және тарих тақырыптарын қамтитын деректі фильмді көрсетеді. Арна көрермендері - әлеуметтік белсенді 20-54 жас аралығындағы адамдар.

National Geographic Channel
Құрылған жылы1997 жыл қаңтардың 1
ИесіNational Geographic Television & Film (50 %)

News Corporation (50 %)

ҰраныThink again (Қайтадан ойлан)
МемлекетіАмерика Құрама Штаттары
Таратылу аймағыЖер
Веб-сайтыwww.nationalgeographic.com
 Басқа мағыналар үшін National Geographic деген бетті қараңыз.

Қазіргі кезде бұл телеарна 171 мемлекетте 38 тілде жүргізіледі. Бүкіл дүниежүзі бойынша National Geographic арнасымен 440 миллион отбасы қызығады.

Тарихы

1997 жылдың қыркүйек айында National Geographic Channel Ұлыбритания, Еуропа (Германиядан басқасы) және Австралия елдерінде трансляциясын бастады. 1998 жылдың шілде айында бұл телеарна Азия елдеріне де жетті, Star TV операторы NBC Asia Channel арнасының орнын басты. NBC арнасының бұл тағдыры Еуропада да қайталанды. Қазіргі таңда National Geographic ғылыми-танымдық жанрдың көшбасшыларының бірі.

Америка Құрама Штаттарында National Geographic 2001 жылдың қантарында жүргізіле басталды. Бұл жоба АҚШ Ұлттық Географиялық Қоғамы мен Fox Entertainment Group бірлескен ұйымы негізімен басталды. 2004 жылдың 1 қарашасынан телеарна Германия аумағында да жүргізіле басталды. Канадада National Geographic арнасы Canwest және АҚШ арнасына тиесілі, ал еуропалық нұсқасы Fox, British Sky Broadcasting (BSkyB) (Fox арнасына 2007 жылы сатылды) операторлық арналардың аясында трансляцияланады.

Ал Австралияда телеарнаның іске асырылуы келесі операторлық арналар арқылы: Foxtel, Optus, Austar, Neighbourhood Cable, TransTV, және SelecTV. Австралиялық нұсқаның ерекшелігі – телеарна бағдарламасында сол мемлекеттің жарнамалары жіне түсірілген фильмдері жүргізіледі.

Жаңа Зеландияда National Geographic Channel SKY Network Television және TelstraClear InHomeTV арқылы трансляцияланады.

Оңтүстік Африкада телеарнаның трансляциясы сандық серіктік теледидардама (DStv атауымен белгілі). DStv Африкадағы ең дамыған көпарналы сандық теледидарлама болып табылады.Таяу Шығыста телеарна араб тілінде Абу-Даби қаласынан жүргізіледі.

Әртүрлі елдердегі арнаға қолжетімділік

Мемлекеттер тізімі толық емес

Әзірбайжан — Life TV

Австралия — Foxtel, Optus, Austar, Neighbourhood Cable, TransTV, SelecTV

Белорусь — МТИС, Космос ТВ

Таяу Шығыс — Fox International Channels, Abu Dhabi Media Company

Ұлыбритания — British Sky Broadcasting, Sky Digital, Talk Talk TV

Германия — Cablecom, Unitymedia, Kabel BW, Kabel Deutschland, KabelKiosk, Telesystem, Vodafone

Ирландия — Sky Digital, UPC, Magnet Networks, SCTV

Исландия — Skjarin

Қазақстан — Алма-ТВ, Digital TV, ICON , OTAU TV , iD TV (IPTV).

Молдавия — Sun-TV

Жаңа Зеландия— SKY Network Television, TelstraClear InHomeTV

Ресей — АКАДО, Билайн, Домолинк ТВ, Диван ТВ, НТВ-Плюс, Космос-ТВ, Радуга-ТВ, Актив ТВ, Орион Экспресс, Континент ТВ, СвязьТелеком, Стрим, Qwerty, NETBYNET,Триколор ТВ, Теле Мир, Балтика ТВ ,Телекарта.

АҚШ — Fox Networks

Өзбекстан — StarsTV, UzDigitalTV

Украина — Viasat-Украина, НТВ-Плюс, Поверхность-ТВ, Воля-Кабель, Xtra TV

Оңтүстік Африка Республикасы — MultiChoice's

Ұрандары

Әр түрлі уақытта қолданылған ұрандар

1.Қайтадан ойлан (ағыл. Think again);

2.Ізденуге батыл бол (ағыл. Dare to Explore);

3.Қызыққұмар бол (ағыл. Live Curious).

National Geographic Channel –дің басқа арналары

National Geographic Channel HD — телеарнаның HD нұсқасы. Трансляция 2006 жылы 720p форматында, ал кейінірек, Full HD (1080p) форматында АҚШ, Канада, Ресей, Австралия және т.б. елдерінде басталды

Nat Geo Music — музыка және мәдениет туралы деректі фильмдерді көрсететін арна. Әзірше Италия және Португалияда ғана трансляциясы бар

Nat Geo Junior — балаларға арналған ғылыми-танымдық арна. Нидерланд, Бельгия, Үндістан және Азияның кейбір елдерінде жүргізіледі.

National Geographic Wild — жабайы табиғатқа аса зор көңіл аударған телеарна. Сингапур, Ұлыбритания, Франция, Италия, Ирландия, Үндістан, Түркия, Румыния, Украина, Ресей, Венгрияда, Латын Америкасында, Беларусьда және Қазақстанда жүргізіледі.

National Geographic Abu DhabiАғылшын және араб тілдерінде арнайы Таяу Шығыс пен Араб елдеріне арналған ғылыми-танымдық телеарна.

Пайдалынған әдебиеттер

http://www.natgeotv.com/ru

http://telcomedia.ru/ngc Мұрағатталған 12 қаңтардың 2013 жылы.