MelOn

MelOn (кор. 멜론) — оңтүстік кореяның онлайн музыкалық дүкені.

Тарихы

2004 жылдың қарашасында өз жұмысын бастаған MelOn, SK Telecom-ның арқасында қарышты қадамдар жасай бастады. 2009 жылы LOEN Entertainment MelOn-ға жауапты компания болды.

MelOn қолданушыларға ғаламтор арқылы музыканы ұялы телефонға түсіріп алуға мүмкіндік береді. Өлеңдер ұялы телефондарда, цифрлық аудио-плеерлерде және цифрлық камераларда ойнатыла алады. Қолданушылар қосымша өздері де рингтондарды жасай алады.

MelOn атауы melody on-ның акронимі болып келеді.[1]

MelOn-ды iOS, Android және Windows Mobile қолданушылары жүктей алады.

Дереккөздер