II Мұстафа

II Мұстафа (осман. مصطفى ثانى‎ — Mustafâ-i sânî; ақындық лақап аты — İkbâlî; 6 ақпан 166429 желтоқсан 1703) — Османлы мемлекетінің 22-ші сұлтаны, Ислам халифатының 87-ші халифі, аңшы, қолбасшы.

II Мұстафа
осман. مصطفى ثانى‎ — Mustafâ-i sânî
Мүміндер әмірі
Екі киелі қаланың қызметкері
II Мұстафа
Лауазымы
Ту
Ту
Османлы мемлекетінің 22-ші сұлтаны
Ислам халифатының 87-ші халифі
6 ақпан 1695 — 22 тамыз 1703
(Лақап аты Жеңімпаз II Мұстафа)
ІзашарыII Ахмет
ІзбасарыIII Ахмет
Өмірбаяны
МамандығыАңшы, қолбасшы
ДініИслам
Дүниеге келуі6 ақпан 1664 (1664-02-06)
Константинополь, Османлы мемлекеті
Қайтыс болуы29 желтоқсан 1703 (1703-12-29) (39 жас)
Константинополь, Османлы мемлекеті
ЖерлендіЖаңа Уәлиде сұлтан мешіті, Ыстамбұл
ДинастияОсманлы әулеті
ӘкесіIV Мехмет
АнасыӘметуллаһ Рабиға Гүлнүш сұлтан
ЖұбайыӘлиженап сұлтан
Шаһсуар сұлтан
Салиха Себкати сұлтан
Хүмашаһ сұлтан
Әфифе сұлтан
Иваз сұлтан
Бахтияр сұлтан
Қадиша сұлтан
Гүлнұр сұлтан
Махфируз Қадиша сұлтан
Хафиза сұлтан
БалаларыҰлдары:
I Махмұт
Мехмет шаһзада
Сәлім шаһзада
Мұрат шаһзада
Ахмет шаһзада
III Осман
Хасан шаһзада
Құсайын шаһзада
Ахмет шаһзада
Қыздары:
Әтике сұлтан
Үлкен Айша сұлтан
Әмина сұлтан
Сафие сұлтан
Үлкен Рүкие сұлтан
Қадиша сұлтан
Фатима сұлтан
Есма сұлтан
Кіші Рүкие сұлтан
Үммігүлсім сұлтан
Зейнеп сұлтан
Әметуллаһ сұлтан
Кіші Айша сұлтан
ҚолтаңбасыҚолтаңбасы
II Мұстафа Ортаққорда

Өмірбаяны

II Мұстафа 1664 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны IV Мехмет шаңырағында дүниеге келді. Өзінің көкелері және ізашарлары II Сүлеймен мен II Ахметтен айырмашылығы — кафесте қамалмай, Эдирнеде емін-еркін өмір сүрді.

Көкесі II Ахмет қайтыс болған соң таққа отырды. Таққа отырған кейін Киелі Лигаға қарсы сәтсіз соғысты жеңуге әрекет етті. 1696 жылы Балқан жорығын өзі бастады. Сұлтан әскер аустриялық әскерден сан жағынан басым болғаннан кейбір жетістіктерге жетті. Алайда 1697 жылы садрағзам Алмас Мехмет паша бастағана османлы әскері ханзада Еуген фон Савойен бастаған габсбург әскерінен жеңілді. 1696 жылы орыс әскері Азауды алды.

1699 жылдың 26 қаңтарында Карловци бітім шарты жасалды. Бұл бітім шарт бойынша Венецияға Морея мен Далмация, Аустрияға Мажарстан мен Трансильвания, ал Польшаға Подолье өтті. Бұл оқиға елдің Әлсіреу дәуірінің бастамасы еді. 1700 жылдың 14 шілдесінде жасалған Константиние бітім шарты бойынша Ресейге Азов өтті.

Соғысты аяқтаған соң көбінесе Эдирнеде аңшылықпен айналысты. 1703 жылдың тамызында оған қарсы көтеріліс басталды. Көтерілісшілерге жаңа шеріктер де қосылды. Біріккен соң олар сұлтан тұрып жатқан Эдирнеге жорық жасады. Сұлтан ұланы көтерілісшілермен кездескенде солардың жағына өтті. Содан кейін II Мұстафа тақтан безді. Тақты інісі III Ахмет мұралады.

Ажалы

1703 жылдың 29 желтоқсанында II Мұстафа қайтыс болды. Мәйіті әжесі Тұрхан Қадиша сұлтан салған Жаңа Валиде сұлтан мешітінің жаңындағы мазарда жерленді.

Садрағзамдары

ЕсіміҚызмет атқарған мерзіміУақыты
126Сүрмелі Әли паша6 ақпан 169522 сәуір 16952 ай
127Алмас Мехмет паша3 мамыр 169511 қыркүйек 16972 жыл
128Көпрүлі Амжазада Қажы Құсайын паша17 қыркүйек 16974 қыркүйек 17025 жыл
129Далтабан Мұстафа паша4 қыркүйек 170224 қаңтар 17035 ай
130Рами Мехмет паша25 қаңтар 170322 тамыз 17037 ай
Ұлы Османлы Мемлекетінің сұлтандары
Ізашары
II Ахмет
II Мұстафа
6 ақпан 169522 тамыз 1703
Ізбасары
III Ахмет
I Осман · Орхан · I Мұрат · I Баязит · Сұлтанаралық · I Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Баязит · I Сәлім · I Сүлеймен · II Сәлім · III Мұрат · III Мехмет · I Ахмет · I Мұстафа · II Осман · I Мұстафа · IV Мұрат · Ибраһим · IV Мехмет · II Сүлеймен · II Ахмет · II Мұстафа · III Ахмет · I Махмұт · III Осман · III Мұстафа · I Әбділхамит · III Сәлім · IV Мұстафа · II Махмұт · I Әбділмәжит · Әбділғазиз · V Мұрат · II Әбділхамит ·
V Мехмет · VI Мехмет · II Әбділмәжит (соңғы халиф)
Әулет · Шежіре · Санат