II Джордж (Ұлыбритания патшасы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өтуІздеуге өту

II Георг
George II
II Джордж (Ұлыбритания патшасы)
II Георг
Лауазымы
Ту
Ту
Ұлыбританияның 3-патшасы
Ту
Ту
11 маусым 1727 — 25 қазан 1760
Тәж кигізу жорасы11 қазан 1727
ІзашарыI Георг
ІзбасарыIII Георг
Өмірбаяны
АзаматтығыҰлыбритания
ДініПротестантизм
Дүниеге келуі10 қараша 1683 (1683-11-10)
Ганновер
Қайтыс болуы25 қазан 1760 (1760-10-25) (76 жас)
Лондон, Ұлыбритания Патшалығы
ЖерлендіВестминстерлік аббаттық
ДинастияГанноверлер династиясы
ӘкесіI Георг
АнасыСофия Доротея Брауншвейг-Целль
ЖұбайыКаролина Бранденбург-Ансбах
II Георг Ортаққорда
 Басқа мағыналар үшін II Георг деген бетті қараңыз.

II Георг Ганноверлік (Георг Август), (ағылш. George II, нем. Georg II.; 10 қараша 1683(16831110) — 25 қазан 1760) — Ұлыбритания және Ирландия патшасы, Ганновер курфюрсті және 1727 жыл 11 маусымынан бастап Брауншвейг-Люнебург герцогі, I Георгтің ұлы. Патшалықтан тыс жерде дүниеге келген соңғы патша.

Балалық шағы

қайнарын өңдеу
Георгтің анасы және қарындасы

Георг Германия Ганноверінде дүниеге келген, әкесі — I Георг Людвиг, Брауншвейг-Люнебург курпринці (кейін I Георг). Георгтің ата-анасы бір-бірінің көзіне шөп салған, сондықтан 1694 жылы София күйеуін тастап кетті деген себеппен екеуі ажырасады[1][2].

Төрт жасына дейін Георг тек француз тілінде сөйледі, ал бұдан кейін оның ұстаздарының бірі, яғни, Иоганн Хильмар Гольштейн[3] оған неміс тілін үйретеді. Француз және неміс тілдерінен бөлек ол ағылшын және итальян тілдерінен қосымша сабақ алған[4].

Георгтің шөбере апасы, яғни Анна патшайым, Англия, Шотландия және Ирландия тағына 1702 жылы отырады. Патшайымның мұргерлері болмағандықтан, 1701 жылғы тақ мұрагерлері туралы акт негізінде ағылшын парламенті Аннаның қандас туысқандарының ішінен протестантизм дінін ғибадат ететін туысын таңдау қажет болды. Ағылшын парламентінің таңдауы Георгтің әжесіне және оның ұрпақтарына түседі. Георг тақ мұрагері ретінде тізімде әжесі мен әкеінен кейін 3 орында тұрды[5].

Дереккөздер

қайнарын өңдеу

Әдебиеттер

қайнарын өңдеу
online edition

Навигация мәзірі