Black Pink

Корей әйел пұттарының тобы

Blackpink (хангыль : 블랙 핑크) — 2016 жылы YG Entertainment компаниясы құрған, 4 қыздан тұратын оңтүстік кореялық топ. Бұл топ YG Entertainment 2NE1 тобынан кейін 7 жыл өте келе құрылған бірінші топ. Яғни, компаниядағы екінші қыздар тобы. Топты Jisoo, Jennie, Rose, Lisa деген төрт қыз құрайды.[1]

Блэкпиңк
логотипі
суреті

Блэкпиңк

Солдан оңға: Джису, Дженни, Розэ мен Лиса
Негізгі ақпарат
Жанры

K-pop • EDM • хип-хоп • трэп

Белсенділік
жылдары

2016 — осы уақытқа дейін

Мемлекет

 Корея Республикасы

Өлеңдерінің
тілдері

корейше, ағылшынша

Лейблі

УайДжи интертэймент • УайДжиЭкс • Интерскоуп

Топ құрамы
  • Джису
  • Дженни
  • Розэ
  • Лиза
blackpinkofficial.com

Тарихы

BLACKPINK 2016 жылғы Melon Music Awards қатысуда

Алғашында Ян Хён Сок жаңа қыздардан құралған топ ашатынын 2011 жылы хабарлаған болатын. Осыдан кейін күзде ол топтың бір мүшесі Ынбидің фотосын көрсеткен болатын.

2012 жылы топ Pink Punk атауымен 7 адам болып дебют жасауы тиіс болған. Сол кезде бізге Ынбидің, Юнаның, Дженнидің, Джисудің және Лизаның тизерлері көрсетілген болатын. 2012 жылы фанаттар YG - ға қосылған жаңа қыз - Розэні байқай бастады. 2013 жылы бізге Юнаның YG - ді тастағаны белгілі болды.

Дәл сол жылдары Jennie және Rose YG әртістерінің өлеңдерін жазуға өз үлестерін қосты. Жылдың соңында компания басшысы қыздардың дебют алатынын уақытша тоқтатып, ұлдар тобына көңіл бөлуге көшті.

2014 жылы топтан арқа ауруларына байланысты Ынби шықты. Оның орнына KPOP STAR-3-дың қатысушысы Ли Ханна стажер ретінде келді.

2015 жылы Миен жеке себептерімен топтан шығып кетті. Ал, Ханнаны топтың орнына жеке карьера күтті.

2016 жылы YG топтың «Blackpink» атауымен дебют алатыны туралы хабарлады. Топ құрамында төрт қыз болды. [2][3]

Дебюты

2016 жылдың 8 тамызында топ «Square one» деп аталатын цифрлік сингл шығарды. Синглдің ішінде «Boombayah» және «Whistle» өлеңдері болды. [4][5]. Дәл сол күні қыздардың дебюттік шоукейсі болды. [6][7]. Онда Ян Хён Сок топтың басшысы болмайтынын, қыздардың өзара тең екенін жариялады.[8][9]

Құрамы

Jisoo

Kim Jisoo ( хангыль : 김지수) 1995 жылдың 3 қаңтарында Оңтүстік Кореяда, Сеулда дүниеге келген. Ол УайДжиге он алты жасында келді. Дебютқа дейін Самсонайт рэд секілді жарнамалық агенттіктерде Ли Мин Хомен бірге түскен [10]. Онымен қоса ол Эпик Хайдың және Хай Сухённің музыкалық видеосынада түскен болатын. [11][12] 2015 жылы ол Кэй Би Эс арнасының "Продюссерлер" дорамасына қонақ ретінде түсіп, өзін осы сатыда сынап көрді. [13]

Jennie

Kim Jennie ( хангыль : 김제 니) 1996 жылдың 16 қаңтарында Оңтүстік Кореяда, Сеулда дүниеге келген. Бірақ, кейіннен Жаңа Зеландияға көшкен болатын. Кейіннен он төрт жасында ол жерден оралып, УайДжиге қосылады. Ол дебют алмай тұрып Джей Драгонның бейнебаянына түскен болатын. [14]

Rose

Park Rose ( хангыль : 박채영)(Корейше есімі Пак Чеён) 1997 жылдың 11 ақпанында Жаңа Зеландияда дүниеге келіп, Аустралиядағы Мельбурн қаласында өсті. 2012 жылы Аустралияда өткен УайДжиге тыңдалымда бірінші орын алып, онда стажер болады. Онымен қоса ол Джей Драгонмен жұмыс істеп, оның "Without You" өлеңінің шығуына көмектеседі. [15]

Lisa

Lalisa Manoban (Пранприя Манобан) ( таиландша ปราณปริยา ลลิสา มโนบาล) 1997 жылдың 27 наурызында Бангкокта, Таиландта дүниеге келген. YG Audition жылы өткен тыңдалымда бірінші орын алып компанияға 14 жасында келеді.Лиса ең басында YG бишісі болып барған бірақ, YG жұмыскерлері оның репке деген өнерін көріп оны стажер еткен. 2014 жылы модель болады.Лиса топтағы басты биші болып саналады.

Дискографиясы

Студиялық альбомдары

АтауыАльбом туралы ақпарат
The Album
  • Шыққан жылы: 2 қазан, 2020
  • Лейбл: YG Entertainment
  • Формат: Цифрлік дистрибуция
Born Pink
  • Шыққан жылы: 16 қыркүйек, 2022
  • Лейбл: YG Entertainment
  • Формат: Цифрлік дистрибуция

Сингл-альбомдары

АтауыАльбом туралы ақпарат
Square One
  • Шыққан жылы: 8 тамыз, 2016
  • Лейбл: YG Entertainment
  • Формат: Цифрлік дистрибуция
Square Two
  • Шыққан жылы: 1 қараша, 2016
  • Лейбл: YG Entertainment
  • Формат: Цифрлік дистрибуция
How You Like That
  • Шыққан жылы: 17 шілде, 2020
  • Лейбл: YG Entertainment
  • Формат: Цифрлік дистрибуция

Синглдары

АтауыЖылыЧарттағы позициясыСатылғаныАльбом
KOR
[16]
US World
[17]
«Boombayah» (붐바야)201671Square One
«Whistle» (휘파람)12
«PLAYING WITH FIRE» (불장난)31Square Two
«STAY»104
«As If It's Your Last» (마지막처럼)201731Альбомсыз сингл
«Ddu-Du Ddu-Du» (뚜두뚜두)201811Square Up
«Kill This Love»201921Kill This Love
«How You Like That»202011The Album
«Ice Cream»8-
«Lovesick Girls»21

Дереккөздер