Өзен шырылдағы

Өзен шырылдақ (лат. Locustella fluviatilis) – Торғайтәрізділер отрядының Locustellidae тұқымдасының Locustella туысының орташа денелі (18-25 г) шырылдақ. Өзен шырылдағының жоны – зәйтүн түстес қоңырқай, бауыры – ақшыл, алқымы мен төсінің жоғарғы бөлігінде көмескі қошқыл бойлай созылған алабажағы болады. Қазақстанда тек қана Жайық өзенінің орта ағысы аңғарында және оның кейбір сағаларында ұялайды. Биік шөптері қалың және бұталарды, әсіресе қандыағаш немесе қайың түбір өркендері бар ылғалды шалғындар мен суқоймалар жағаларын ұнатады.

Өзен шырылдағы

Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Chordata
Табы:Aves
Сабы:Торғайтәрізділер
Тұқымдасы:Locustellidae
Тегі:Locustella
Түрі:L. fluviatilis
Екі-есімді атауы
Locustella fluviatilis
(Wolf, 1810)
Locustella fluviatilis

Бұл шырылдақтың әуені кәдімгі және бұлбұлдың шырылдақтардың әуенінен дөрекілеу және қаттырақ. Әуен шолпылдаған дыбыстардан басталып, соңынан бірнеше минут үлкен шекшектің шырылынан аумайтын үздіксіз дыбыспен жалғасады. Ұялау тіршілігі егжей-тегжейлі анықталмаған. Аузы ашық тостағаншаға ұқсас ұялары қалың шөпке жақсы жасырылады. Салындыдағы 4-6 сұр және қоңыр бозғылт секпілді ашық түсті жұмыртқаларды аналығы 13 күндей басады. Өзен шырылдақтарының оңтүстікке қарай қозғалысы шілденің соңынан-ақ басталып, тамыздың бүкіл бірінші жартысына дейін созылады, ал олар осы айдың соңында шығыс Африкадағы қыстау орнына да жетіп үлгереді.[2]

Дереккөздер