Әсем сарықас

Әсем сарықас, әсем сайрауық (лат. Phylloscopus proregulus) – торғайтәрізділер отряды, сандуғаштар тұқымдасына жататын әдемі құс. Ол Сахалинді, Шығыс Сібірдің оңтүстік бөлігі мен Солтүстік-Шығыс Алтайды, Қытайды, Гималай, Тибет, Гиндукуш таулары аралығын мекендейді. Қанатының ұзындығы 47 – 58 мм, салмағы 5 – 6 г. Арқасы, басы, тұмсығы, бауыры күрең, қоңыр жасыл, сарғыш түсті келеді, басының орта бөлігінен құйрығының ұшына дейін сары жолағы болады. Әсем сайрауық негізінен ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Тіршілігі әлі толық зерттелмеген. Әсем сайрауық – жыл құсы. Оңтүстік Қытай, Үндіқытай, Бирма және Солтүстік Үндістанда қыстайды. Әсем сарықасты Алтай өңірінде «жылпылдақ торғай» деп те атайды.[2]

Әсем сарықас

Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Хордалылар
Табы:Құстар
Сабы:Торғайтәрізділер
Тұқымдасы:Phylloscopidae
Тегі:Phylloscopus
Түрі:P. proregulus
Екі-есімді атауы
Phylloscopus proregulus
(Pallas, 1811)

Дереккөздер