Әл-Бәйинә сүресі

Әл-Бәйинә сүресі (араб. البينةАшық белгі, айқын дәлел) — 98-ш Құран сүресі. 8 аяттан тұрады.

Әл-Бәйинә сүресі — البينة

Сүренің арабша мәтіні
Атауының мағынасы

Ашық белгі, айқын дәлел

Жіктелуі

Мединелік

Жерге түсірілу реті

100

Статистика
Сүре нөмірі

98

Аяттар саны

8

Джуз

30

Хизб

60

Рукуғ саны

1

Сөз саны

94

Әріп саны

392

Алдыңғы сүре

Әл-Қадр сүресі

Келесі сүре

Әз-Зилзәлә сүресі

Аударма

QuranAcademy.org
Kuran.kz

Аудио

Фалак.ru


                                   

Аяттың жуық аудармасы

Халифа Алтай бойынша:

Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһның атымен бастаймын.

  1. Кітап иелерінен, мүшріктерден қарсы шыққандар, өздеріне бір ашық дәлел келгенге дейін қарсылықтарынан айрылмақшы емес еді.
  2. (Ал бұл дәлел) тап-таза нұсқаларды оқитын Алла тарапынан жіберілген бір Пайғамбар (еді).
  3. Ол нұсқаларда ең тура үкімдер бар.
  4. Дегенмен өздеріне кітап берілгендер, оларға ашық дәлел келгеннен кейін-ақ бөлінді.
  5. Олар; ғибадатты, нағыз Аллаға шынайы ынтамен бір беткей түрде орындаулары, намаз оқулары, зекет берулері үшін әмір етілген. Міне осы, тұп-тура дін.
  6. Сөз жоқ, сондай кітап иелерінен, мүшріктерден қарсы шыққандар, мүлде тозақ отында қалады. Міне солар, жаратылғандардың жауызы.
  7. Күдіксіз сондай иман келтіріп, түзу іс істегендер; міне солар, жаратылғандардың жақсысы.
  8. Олардың Раббыларының қасындағы сыйлықтары; астарынан өзендер ағатын Ғадын жаннаттары. Олар онда мүлде қалады. Алла олардан разы, олар Алладан разы. Осы сыйлық Раббынан қорыққан кісі үшін.

Сілттемелер

Алдыңғы сүре:
әл-Қадр сүресі
Құран - 98 сүреКелесі сүре:
әз-Зілзалә сүресі
Арабша мәтіні — Қазақ тілі

123456789101112131415161718192021222324252627282930313233343536373839404142434445464748495051525354555657585960616263646566676869707172737475767778798081828384858687888990919293949596979899100101102103104105106107108109110111112113114

Осы үлгіні: көру · талқылау · өңдеу