Әбзәли Егізбаев

Әбзәли Егізбаев (1907, Қармақшы ауданы Тұрмағанбет Ізтілеуов ауылы - 29 тамыз 1945, Маньчжурия) – жауынгер ақын.

Әбзәли Егізбаев
Туған күні

1907 (1907)

Туған жері

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет Ізтілеуов ауылы

Қайтыс болған күні

29 тамыз 1945 (1945-08-29)

Қайтыс болған жері

Маньчжурия

Азаматтығы

 КСРО

Қызметі

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, жаяу әскер.

Өмірбаяны

  • Қызылорда педагогикалық училищесін бітірген 1934).
  • Жалағаш ауданында, кейін Қызылтам мектебінде мұғалім, мектеп директоры қызметтерін атқарған (1933 – 1934).
  • 1938 жылы жалған саяси айыппен жазаланып, Магадан облысы Колыма өзені бойында орналасқан «Одинокий», «Партизанский» алтын кен орындарында жұмыс істеді.
  • 1941 жылы елге оралған.
  • 1941 – 1942 жылдары Жалағаш ауданы Жаңаталап мектебінің директоры болды.
  • 1942 жылы әскерге алынып, алғаш Батыс майданда, кейін Шығыс майданда соғысқан. Елге қайтар жолда жапондар ұйымдастырған пойыз апатынан қайтыс болып, Маньчжурияда жерленген.

Шығармашылығы

  • Алғашқы өлеңдері майдандық газеттерде («Суворовшы», «Жауға қарсы аттан», т.б.) жарияланған.
  • «Жорық жолында»
  • «Дат»
  • «Мақсұт»
  • «Төрт дәруіш», т.б. поэмалары бар (1943 – 1945).

Ақын шығармалары кейін жиналып:

  • «Жауынгер жүрегі» (1969)
  • «Жыр-аманат» (1978)
  • «Елімнің сырын еттім жыр» (1996)
  • "Киелі Қармақшым" (2003) атты кітаптары жарық көрген.[1]

Дереккөздер