Үкім

Үкім — соттық қылмыстық істі сотта талқылау нәтижесінде шығарған және кінәсіздікті (ақтау үкімі) немесе кінәліге жазалау шарасын (айыптау үкімі) белгілейтін, сондай-ақ сотталушыны кінәсіз немесе кінәлі деп танудың басқа да салдарын белгілейтін шешім. Үкім қаулысының ережелері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің баптарына сәйкес айқындалады. Көрінеу әділетсіз Үкім шығару қылмыстық заңнама бойынша ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген сот әділдігіне қарсы қылмыс болып табылады. Үкім шығарылған адамдардың Үкімді немесе заңды күшіне енген өзге де сот актілерін қасақана орындамауы қылмыстық жазаға тартылатын әрекет болып табылады.[1]

Дереккөздер

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том