Қылтық шөп

Қылтық шөп (лат. Aеgilops cylіndrica) - астық тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік.

Қылтық шөп

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Өсімдіктер
Тұқымдасы:Астық тұқымдасы
Тегі:Қылтық шөп
Екі-есімді атауы
Aеgilops cylіndrica

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 20-25 см.
  • Сабағы тік, сидам, түксіз.
  • Жапырақтары жалпақ, екі беті де түкті, кейде түксіз болып келеді.
  • Гүл шоғы 3-4 гүлді масақша. Масағы жіңішке, ұзындығы 7-12 см, ені 3-4 мм.

Өсетін орны мен таралуы

Еуропада, Кавказ, Орта Азия елдерінде өседі. Қазақстанда Жетісу (Жоңғар), Қырғыз Алатауларында, Қаратау жотасында, Шу-Іле тауларында, өзен бойларында, тауда, таулы қыратта, егістіктік арасында өседі. [1]

Дереккөздер