Қызыл үйдегі түс

Қызыл үйдегі түс (қытайша: 紅樓夢|红楼梦 - „хунлоумэн“) - қытай тіліндегі төрт классикалық романдар ішіндегі ең танымал романы. Алғашқы 80 тарауы Цао Сюэциньмен жазылып жарыққа «Тас туралы жазбахаттар» (қытайша: 石頭記) атымен 1763 жылы автордың қайтыс болар алдында жарық көрген. Отыз жыл өткен соң, яғни 1791 жылы, Гао E баспагері өз көмекшісімен бірге тағы қырық тарауымен романды толықтырып, сонымен сюжетті аяқтаған[1]. Зерттеушілер осы күнге дейін Гао Е-нің бастапқы авторлық ойын қаншалықты дарытқанына күмәнданады.

Романның мазмұны

«Қызыл үйдегі түс» - Цзя отбасының ұрпақтарының үш буыны туралы жан-жақты хикая. Басқа бұрынғы қытай романдар қарағанда, «Қызыл үйдегі түс» романында нақты сюжет және жүйелі композиция құрамын пайдаланылады[2]. Бұл шығармада егжей-тегжейлі кейіпкерлердің тәжірибесін, көңіл-күйлерін және олардың қарым-қатынастарын сипаттайды[2][3].

Романға Қытайдың өзінде „әдепсіздік үшін“ бірнеше рет тыйым салынған[2]..

Дереккөздер