Қатпарсабақ
Қатпарсабақ (лат. Arctous) [1] - көкбұталар тұқымдасына жататын гүлді өсімдіктер туысы, жапырақ тастайтын төсемелі бұта немесе бұташық.
Қатпарсабақ | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||
|
Ботаникалық сипаты
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/f3/Arctostaphylos_alpinus_-_autumn.jpg/180px-Arctostaphylos_alpinus_-_autumn.jpg)
- Бүршігінің бірнеше қабыршағы болады.
- Эллипс немесе жұмыртқа тәрізді жапырақтары кезектесе орналасқан, жиегі ұсақ ара тісті. Күзде қызыл түскен енеді де қурап, түсіп қалады.
- Гүлдері бұтақтарының ұшын қарай шашақ гүлшоғырына шоғырланған. Тостағаншасы бес тілікке бөлінген. Күлтесі құмыра тәрізді, ұшына қарай кішірейеді, ашық жасыл түсті. Аталығы, тозаңдығының ұясы ұзын сопақша келген, бас жағында кең саңылауы бар.
- Жемісі - қара, 4-5 сүйекшелері бар шырынды жидек.
Өсетін жері мен таралу аймағы
Тундрада, жартастарда, қиыршықтасты тау баурайларында өседі.
Еуропаның солтүстік аудандарында, Солтүстік Америкада, Еуропада, Шығыс және Орта Азияда өсетін 4 түрі белгілі.
Қазақстанда Алтай таулары, Тарбағатай жотасы, Жетісу (Жоңғар), Іле және Күнгей, Теріскей Алатауларында, Кетпен (Ұзынқара) жотасында биік тау белдеулерінде өседі.
Күй талғамайтындығы, суыққа аса төзімділігі және гүлдерінің әсемдігімен ерекшеленеді.
Ең көп тараған түрі - альпілік қатпарсабақ (лат. Arctous alpina).
Дереккөздер
🔥 Top keywords: Басты бетҚұрбан айтҚұрбандықАбай ҚұнанбайұлыҚазақша жыл санауАрнайы:ІздеуҚазақ хандығыМұхтар Омарханұлы ӘуезовШыңғыс ханӘкелер күніҚазақстанӨзін-өзі өлтіруТүрік қағанатыАйтИсламдағы жыныстық өмір әдебіЕтеккірБесін намазыАбай жолы (роман)Ахмет БайтұрсынұлыАлланың есімдеріМұхаммедАлаш партиясыӘл-Фатиха сүресіКөкжөтелЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШылауҚазақ хандығының құрылуыСақтарҚазақ хандарыҚазақстан Республикасының КонституциясыКөмірсуларЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісБауыржан МомышұлыҚой малының атауларыЖасушаОйжұмбақ 2ЕтістікҒұндар