Қаржеміс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өтуІздеуге өту
Қаржеміс
Ақ қаржеміс
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Өсімдіктер
Бөлімі:Гүлді өсімдіктер
Табы:Қос жарнақтылар
(unranked)Asterids
Сабы:Dipsacales
Тұқымдасы:Caprifoliaceae
Кіші тұқымдасы:Caprifolioideae
Тегі:Symphoricarpos
Duhamel 1755
түрлері

18 түрі белгілі

Қаржеміс (лат. Symphoricarpos) – ұшқаттар тұқымдасына жататын бұта.

Ботаникалық сипаты

қайнарын өңдеу
Ақ қаржемістің гүлі
  • Гүлдері қос жынысты, дұрыс пішінді, масақ тәрізді гүлшоғырына жиналған.
  • Тостағаншалары 4-5 тісті, күлтелері кішігірім қоңырау тәрізді, етті, түсі күлгін немесе ақ.
  • Жемісі 2 тұқымды, шырынды, қардай аппақ, сирек жағдайда қызыл немесе қара түсті.
  • Жапырақтары қысқа сағақты, қарама-қарсы орналасқан, шеттері тегіс, қосалқы жапырақшалары болмайды.

Өсетін жері мен таралу аймағы

қайнарын өңдеу
Ақ қаржеміс (Symphoricarpos albus)

Қаржемістің 15-ке жуық түрі белгілі. Солтүстік Америкада таралған, бір түрі Қытайда кездеседі. Қазақстанда бір түрі - ақ қаржеміс (Symphoricarpos albus) өседі.
Жеміс салған кезде өте әдемі, сондықтан қалаларда әсемдік үшін де өсіріледі.[1]

Дереккөздер

қайнарын өңдеу

Навигация мәзірі