Қара сексеуіл

Қара сексеуіл (лат. Haloxylon aphyllum) [1]алабұталар тұқымдасы, сексеуіл туысына жататын бұта.

Қара сексеуіл
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Өсімдіктер
(unranked)Қос жарнақтылар
Тұқымдасы:Алабұталар тұқымдасы
Тегі:Сексеуіл (Haloxylon)
Түрі:Қара сексеуіл
Екі-есімді атауы
Haloxylon aphyllum

Ботаникалық сипаты

Құрамы

Құрғақ затында 10,1-15,3% протеин, 16-,6-30,3% күл, 9,1-25,1% жасұнық, 1,6-2,3% май, 30,1-40,1% азотсыз экстрактивті заттар болады.
100 кг мал азығында 43,4-58,9 азық өлшемі, 7,1-10,9 кг сіңімді протеин бар.

Өсетін жері мен аймағы

Қазақстанның шөлді аудандарында, әсіресе, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында кездеседі. Құмды, сортаңды жерлерде, тақырда өседі.

Шаруашылықтағы қолданысы

Қара сексеуілді түйе (жыл бойы) мен қой (күзде және қыста) жақсы жейді.[3]
Қара сексеуіл негізінен отынға пайдаланылады (қызуы мол).
Сусымалы құмды бекіту үшін оны қолдан егіп те өсіреді.

Дереккөздер