Қалдығайты

ҚалдығайтыЖайық алабындағы өзен.

Қалдығайты өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы243 км
Су алабының
ауданы
5,8 мың км²
Су алабыЖайық алабы
Су ағысы
БастауыАлмастау тауы
 • Координаттары50°09′14″ с. е. 54°21′07″ ш. б. / 50.15389° с. е. 54.35194° ш. б. / 50.15389; 54.35194 (G) (O) (Я) (T)
СағасыТөлен ауылының тұсында тұзды көлдер
 • Координаттары49°26′07″ с. е. 52°42′00″ ш. б. / 49.43528° с. е. 52.70000° ш. б. / 49.43528; 52.70000 (G) (O) (Я) 52°42′00″ ш. б. / 49.43528° с. е. 52.70000° ш. б. / 49.43528; 52.70000 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Қазақстан
АймақБатыс Қазақстан облысы Шыңғырлау, Қаратөбе аудандары

Географиялық орны

Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау, Қаратөбе аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 243 км, су жиналатын алабы 5,8 мың км².

Бастауы

Бастауын Шыңғырлау ауданындағы Алмастау тауының оңтүстік-батысынан алып, Төлен ауылының тұсында тұзды көлдерге құяды.

Гидрологиясы

Аңғары кең, орта ағысы құмды өңірмен ағады. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Батпақкөл, Қалдығайты ауылдары тұсында жайылма құрап, батпақтанады. Қар көп болған жылдары қатты тасиды. Әрқайсысының ұзындығы 10 км-дей 40 шақты саласы бар. Ірілері: Песчаная, Баянас, Ащысай, т.б. Жайылмасы – шабындық, жайылым. Өзен суында шортан, қарабалық, алабұға, сазан, т.б. балықтар кездеседі.[1][2]

Дереккөздер