Қайрат Әбдіразақұлы Мәми

Қайрат Әбдіразақұлы Мәми (9 мамыр, 1954 жыл, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылы) — Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің Төрағасы.

Қайрат Әбдіразақұлы Мәми
Қайрат Әбдіразақұлы Мәми
Лауазымы
Ту
Ту
Қазақстан Конституциялық Кеңесінің 4-ші төрағасы
11 желтоқсан 2017 — 1 қаңтар 2023
ПрезидентҚасым-Жомарт Тоқаев
ІзашарыИгорь Рогов
Ту
Ту
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 7-ші Төрағасы
Ту
Ту
16 қазан 2013 — 11 желтоқсан 2017
ІзашарыБектас Әбдіханұлы Бекназаров
ІзбасарыЖақып Қажманұлы Асанов
Ту
Ту
Қазақстан Парламентінің Сенатының 5-ші Төрағасы
15 сәуір 2011 — 16 қазан 2013
ІзашарыҚасым-Жомарт Тоқаев
ІзбасарыҚасым-Жомарт Тоқаев
Ту
Ту
Қазақстан Республикасының 6-шы Бас прокуроры
Ту
Ту
3 сәуір 2009 — 15 сәуір 2011
ІзашарыРашид Төлеутайұлы Түсіпбеков
ІзбасарыАсқат Дауылбаев (орыс.)
Ту
Ту
Қазақстан Жоғарғы Сотының 4-ші төрағасы
Ту
Ту
қыркүйек 2000 — сәуір 2009
ІзашарыМақсұт Нәрікбаев
ІзбасарыМұсабек Әлімбеков (орыс.)
Өмірбаяны
ПартиясыАманат
БіліміС.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті
Ғылыми дәрежесіЗаң ғылымының докторы, Профессор
МамандығыЗаңгер
Дүниеге келуі9 мамыр 1954 (67 жаста)
Жамбыл ауылы, Жамбыл ауданы, Алматы облысы, Қазақ КСР
ӘкесіАбдыразақ Мамиев (1917—1977)
АнасыТұрар Мұханова (1923—)
ЖұбайыМақбал (1957—), заңгер
Балаларықыздары: Айнұр (1979—) мен Эльвира (1982—)
ұлы Мирас (1988—)
Ғылыми қызметі
Ғылыми аясықұқықтану
Жұмыс істеген орныюриспруденция
Марапаттары
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені
Барыс ордені
Барыс ордені
Барыс ордені
Барыс ордені

Өмірбаяны

Дулат тайпасының Жаныс руынан шыққан.[1]

  • С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің заң факультетін бітірген (1981). Құқықтанушы, заң ғылымдарының докторы, профессор.
  • Гурьев (Атырау) облыстық сотының, Алматы қалалық сотының төрағасы болып жұмыс істеді.
  • 1990 ж. – Қазақ КСР Жоғарғы Сотының мүшесі.
  • 1995 ж. ҚР Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер алқасын басқарды.
  • 1999-2000 жылдары ҚР әділет министрінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
  • 2000 жылдан бастап ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы
  • 2009 жылдан – ҚР Бас прокуроры.
  • 2011 жылғы сәуірде ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланды.
  • 16 қазан 2013 жылдан - ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы.[2]

Қоғамдық қызметтері

  • ТМД-ның жоғары төрелік соты мен жалпы соттары төрағалары кеңесінің тең төрағасы
  • ТМД Экономикалық Соты Пленумының мүшесі
  • Халықаралық заңгерлер одағы (Мәскеу қ.) төрағасының орынбасары болып табылады.
  • Қазіргі кезде Дүниежүзі заңгерлер ассоциациясының мүшесі
  • ЕурАзЭҚ ПАА төрағасы
  • ТМД ПАА, ҰҚШҰ ПА Кеңесінің мүшесі.

Оның жетекшілігімен

Оның жетекшілігімен

  • «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы
  • «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы»
  • «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы»

«Аралық соттар туралы»

  • «Прокуратура туралы»
  • «Құқық қорғау қызметі туралы» заңдары
  • соттардың құқық қолдану тәжірибесіндегі өзекті мәселелер жөніндегі Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары әзірленді.
  • Сот санкциясы бойынша қамауға алу, сондай-ақ арнаулы экономикалық және ювеналды соттар мен алқа билер сотын құруға байланысты заң актілерін әзірлеуге және тәжірибеге енгізуге тікелей қатысты.
  • Оның жетекшілігімен ҚР Жоғарғы Сотының 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары, Сотты қалыптастыру стратегиясы әзірленді.
  • Қазақстан Республикасының Судьялар одағын құру туралы бастама жасалып, ол Халықаралық судьялар ассоциациясына кірді.
  • ҚР Бас прокуроры болған кезде құқық қорғау жүйесі қызметінің сапасын арттыруды, құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылын үйлестіруді жақсартуды қамтамасыз етті.
  • Қазақстан прокурорлары ассоциациясын құру туралы бастама көтеріп, ол құрылым қазіргі кезде Халықаралық прокурорлар ассоциациясының толық құқықты мүшесі болды.
  • Соттағы көп жылғы тәжірибесі негіз болған ауқымды және жемісті жұмысының нәтижесінде Қазақстандағы сот жүйесі мен сот билігінің құрылуы және қалыптасуына байланысты алты монография, 50-ден астам ғылыми жұмыс жазылды. Бұл еңбектердің бәрінде сот төрелігі мен прокуратура органдарының мәселелері, олардың тиімділігін арттыру жолдары жан-жақты зерттеліп, сондай-ақ еліміздегі тәуелсіз сот төрелігінің қалыптасуына, құқықтық мемлекеттегі оның рөлін бекітуге, адам құқықтары мен бостандығын қорғауға салмақты және шынайы талдау жасалды.

Марапаттары

  • «Парасат» (2003)
  • II дәрежелі «Барыс» (2011) ордендерімен
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001)
  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005)
  • «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006)
  • «Астананың 10 жылдығы (2008)
  • «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл»
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011)
  • «МПА СНГ. 20 лет» (2012) мерейтойлық медальдарымен марапатталды.
  • «Құрметті судья» құрметті атағы
  • «Үш би» кеуде белгісі
  • «Сот жүйесінің құрметті қызметкері» кеуде белгісіне ие болды.
  • Ұлттық «KazRATING» рейтинг агенттігі мен «Литер Media» компаниясы бірлесе жүргізген жыл сайынғы республикалық «Жыл саясаткері» конкурсының (2008) нәтижесі бойынша Қ.Мәми сар абдал саясаткер болып танылды.

Отбасы

Отбасылы, екі қыз, бір ұлы бар.

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Kairat Mami