Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы

(Қазақстан мини-футбол құрамасы бетінен бағытталды)

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрама командасыУЕФА и ФИФА ұйымдастыруымен өтетін футзалдан жарыстарға Қазақстан атынан қатысатын ұлттық құрама команда. 2002 жылға дейін АФК-да өнер көрсетсе, одан бері қарай УЕФА сапында өнер көрсетеді. Еуропа чемпионаттарында бес рет ойнаған. ФИФА әлем рейтингісінде Қазақстан құрмасы 2021 жылдың 25 қыркүйегіне сәйкес 3-ші орынмен әлемнің үздік үштігіне кіреді. 2023 жылғы 19 сәуір күні жаңартылған рейтинг бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА рейтингісінде 50 елдің ішінде 4-орын (2344,395 ұпай)[2].

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы
КонфедерацияУЕФА
ФедерацияҚазақстан футбол федерациясы
Бас бапкеріБразилия Рикардо Кака
КапитаныИгита
Ең көп
ойын саны
Дінмұхамбет Сүлейменов (100)
Үздік
бомбардир
Дуглас Жуниор (40)
ФИФА рейтингі6 (3 қаңтар 2024)[1]
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма
Бірінші ойын
Иран Иран 14 - 2 Қазақстан Қазақстан
(Тегеран, Иран, 1 мамыр 1996 жыл)
Ең ірі жеңіс
Қазақстан Қазақстан 19 - 0 Сингапур Сингапур
(Бангкок, Тайланд, 8 мамыр 2000 жыл)
Ең ірі жеңіліс
Иран Иран 14 - 2 Қазақстан Қазақстан
(Тегеран, Иран, 1 мамыр 1996 жыл)

Қазақстан Қазақстан 2 - 14 Әзербайжан Әзірбайжан
(Тбилиси, Грузия, 28 шілде 2000 жыл)

Әлем чемпионаты
Қатысу4 (бірінші 2000)
Жетістік4-ші орын (2021)
Еуропа чемпионаты (бұрын — Азия)
ҚатысуУЕФА 3 рет (2016, 2018, 2022/ АФК 2 рет (1999, 2000) (бірінші )
ЖетістікЕуропа Чемпионаты: 3-ші орын; Азия кубогы: 2-ші орын (2000)

УЕФА клубтық рейтингі еурокубоктардағы барлық еуропалық клубтардың нәтижелері негізінде жасалады. Қауымдастықтың клубтық рейтингін немесе елдің рейтингін есептеу кезінде оның барлық клубтарының нәтижелері ескеріледі. Ол келесі маусымға арналған еурокубоктардағы қауымдастық өкілдерінің санын анықтау үшін қолданылады.

УЕФА-ның футзалдан ерлер құрамасының коэффициенттері Эло алгоритмі бойынша барлық іріктеу матчтары мен финалдық кезеңдердегі бірінші ерлер құрамасының нәтижелері негізінде есептеледі. Коэффициенттер УЕФА турнирлерін жеребе тастау кезінде ұлттық құрамалардың топқа бөлуін анықтау үшін қолданылады[3]. Командаларға берілетін немесе жазаланатын ұпайлар саны бір-бірімен ойнайтын екі команда арасындағы салыстырмалы күштің функциясы болып саналады. Жүйе 2020 жылғы Әлем чемпионатына еуропалық іріктеу турнирінің басынан бастап енгізілді.

Ресми турнирлердегі ересектер құрамасының барлық матчтары (футзалдан еуро және футзалдан Әлем чемпионаты, іріктеу және финалдық турнирлер) есептеледі. Жолдастық матчтар есепке алынбайды[4]. Рейтинг кестесіне кіру үшін команда коэффициенттерге әсер ететін кем дегенде екі матч ойнауы керек және алдыңғы 36 айда белсенділікті көрсетуі керек. Жаңа команда рейтинг кестесіне енген кезде, оған сол кезде кестені жабатын команданың коэффициенті беріледі.

Тарихы

Қазақстан футзалы

1993 жылы Алматылық «Мерей» футзалдан әйелдер арасындағы І Ұлтаралық Кубоктың жеңімпазы атанды.

Сол жылы Алматылық «Мерей» футзалдан әйелдер арасындағы І Ресей ашық чемпионатында жеңіске жетті.

1994 жылы Қазақстан ФИФА мен АФК қауымдастықтарына толық құқылы мүшесі ретінде қабылданды.

1996 жылы футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Иран астанасы Тегеранда III Әлем чемпионатының іріктеу турниріне қатысып, ФИФА аясында алғашқы ресми турнирін өткізді.

1999 жылы футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Азия футбол конфедерациясының ресми турниріне алғаш рет қатысты. Олар Малайзия астанасы өткен І Азия чемпионатында сынға түсіп, қола жүлде жеңіп алды.

2000 жылы футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Таиланд астанасы Бангкокте өткен Азия чемпионатына күміс жүлдені жеңіп алды. Бұл жетістік арқылы Қазақстан құрамасы футзалдан IV Әлем Чемпионатына жолдама алды. Спорттың бұл түрінен Қазақстан тұңғыш рет финалдық кезеңге өтті.

2001 жылы футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Иранның астанасы Тегеранда өткен III Азия чемпионатына қатысты. Топтық кезеңде қарыластардан озып шыққан команда ширекфиналда Жапония құрамасынан ұтылады.

2002 жылы Алматылық «Әліби» мини-футбол клубы футзалдан УЕФА Кубогына қатысты. Қазақстандық клубтың топтық кезеңдегі қарсыластары «Зрински Карака» (Босния және Герцеговина), «Клирекс» (Польша) және «Антена 3 Бумеранг» (Испания) атанды. Топтық кезеңдегі барлық матч Босния және Герцеговинада өтті. Қазақстандық футболшылар алаң иелерінен 1:3, испаниялықтардан 1:11 есебімен жеңілді. Ал, польшалық клубпен 4:4 есебімен тең ойнады.

2006 жылы футзалдан Қазақстан чемпионы «Қайрат» (Алматы) халықаралық деңгейдегі ірі табысқа қол жеткізді. Олар 2005/2006 жылғы УЕФА Кубогының жартылай финалына шықты.

2008 жылы футзалдан Қазақстан жастар құрамасы Венгрияда өткен 2008 жылғы Еуропа Чемпионатына іріктеу турнирін ұтты. Бас бапкердің қызметін атқарушы Әміржан Мұқанов бастаған құрама Венгрия, Беларусь және Латвияны ұтып, финалдық турнирге жолдама алды.

2011 жылғы 29 сәуір—1 мамыр аралығында Қазақстанда тұңғыш рет футзалдан УЕФА Кубогының төртеудің финалы өткізілді. Жарыс Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Нәтижесінде алматылық «Қайрат» кола жүлдеге ие болды.

2013 жылы футзалдан алматылық «Қайрат» тұңғыш рет УЕФА Кубогының чемпионы атанды.

2014 жылы футзалдан алматылық «Қайрат» еліміздің тарихында тұңғыш рет Әлем Суперкубогының иегері атанды.

2015 жылы футзалдан алматылық «Қайрат» екінші рет УЕФА Кубогының жеңімпазы атанады. Финалдық ойында Какау командасы атақты «Барселонаны» ұтты.

Футзалдан 2016 жылғы Еуропа чемпионаты

2016 жылы футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіндегі алғашқы ойынын Ресей құрамасымен өткізді. Ромуло соққан екі голдан кейін Ресей құрамасы алға шықты. Бір минут өткеннен кейін Игита пасын қақпаға бағыттаған Серік Жаманқұлов есеп айырмасын қысқартты. Бұл Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатының тарихында соғылған алғашқы голы болды. Есеп 2:1.

Еуропа чемпионатында екінші ойынын Хорватия құрамасымен өтті. Қазақстан құрамасы 6-минутта есеп ашты. Павел Такудың соққысынан кейін қақпа бағанасынан қайтқан допты Дуглас гол соқты. Алайда бір минуттан соң Хорватия ойыншылары қарымта қайтарды. Дегенмен, Дінмұxамбет Сүлейменов 15 секундтан кейін есепті еселеді. Одан кейін Серік Жаманқұлов екі гол соқты, ал Хорватия ойыншылары есеп айырмасын қысқарта алды. Қорытынды есеп - 4:2. Қазақстан құрамасы тариxи жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне шықты.

Қазақстан құрамасы топтан екінші орынмен шығып, ширек финалда Еуропа чемпионы Италия құрамасымен кездесті.

Ойынның 16-минутында команда капитаны Дінмұхамбет Сүлейменовтің бұрыштама добынан берген пасынан кейін Лео қақпаға дәл соққы бағыттап, есеп ашты. Үш минуттан кейін Леоның пасын ұтымды пайдаланған Серік Жаманқұлов есепті 2:0-ге жеткізді. Ойынның алғашқы бөлігі осы есеппен аяқталды.

Екінші таймда Фортина есеп айырмасын қысқартқанымен, Шыңғыс Есенаманов гол салып, есепті ұлғайтты. Италия құрамасы алаңда бесінші ойыншы шығарып, тағы бір гол соқты. Голдың авторы - Мауро Каналь. Алайда, әрі қарай тек қазақстандық футболшылар мергендік танытты. Алдымен Дәурен Нұрғожин Шыңғыс Есенамановтың пасын тиімді пайдаланса, соңғы секундта Лео бос тұрған қақпаны дәл көздеп, кездесу нәтижесін түйіндеді. Қорытынды есеп - 5:2.

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа Чемпионатының жартылай финалында Испания құрамасымен кездесті. Өкінішке қарай, бас бапкер негізгі құрамның екі ойыншысының көмегіне жүгіне алмады. Қақпашы Игита ескерту алуына байланысты жартылай финалға қатыса алмаса, Шыңғыс Есенаманов жарақатына байланысты алаңға шыға алмады.

Дугластың пасын Александр Довгань голға айналдырды. Бірінші таймның соңына дейін Испания ойыншылары қарсыластарының қателіктерін пайдаланып, 3:1 есебімен алға шықты. Ойынның екінші жартысы Қазақстан ойыншылары сәтсіз басталды. Үлкен күшпен шабуылға ұмтылған ойыншылар бос қақпаға гол соқтырып алды. Дегенмен, қазақстандықтар есеп айырмасын бір голға дейін қысқартты. Алдымен, Михаил Першин пасын Лео ұтымды пайдаланса, кейін Дугластың соққысынан кейін Серік Жаманқұлов допты қақпаға дарытты. Алайда, соңғы голды Испания футболшылары соқты. Рауль Кампос соңғы минутта ойындағы екінші голын салды.

Футзалдан 2016 жылғы әлем чемпионаты

Толық мақаласы: Футзалдан 2016 жылғы Әлем чемпионаты

Колумбияда басталған футзалдан 2016 жылғы Әлем Чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын Аргентинамен өткізіп, 0:1 есебімен есе жіберді. Кездесу тағдырын шешкен жалғыз голды бірінші таймның аяқталуына 38 секунд қалғанда Аламиро Вапораки соқты.

Футзалдан Колумбияда өтіп жатқан Әлем Чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші ойынын Коста-Рика құрамасымен өткізіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл Қазақстан құрамасының Әлем Чемпионаты тарихындағы алғашқы жеңісі.

Қазақстан құрамасы Әлем Чемпионатында өз тобындағы соңғы ойында Соломон аралдарын 10:0 есебімен ұтып, алғша рет плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Футзалдан 2021 жылғы Әлем чемпионаты

2020 жылы Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Румыния (1:3), Словения (4:3) және Чехия (5:2) командаларымен элиталық раундта ойнап, 2020 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне Литваға жолдама алды.

2021 жылы Литвада өткен әлем чемпионатында төртінші орын алып, тарихтағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Рикардо Кака бастаған құрама топтық кезеңде Коста-Рика (6:1), Литва (3:0) және Венесуэламен (1:1) кездесті. ⅛ финалда команда Таиланд құрамасын ойсырата жеңді (7:0), ал ширек финалда қазақстандықтар драмаға толы кездесуде Иранды (3:2) ұтты. Қазақстан құрамасы әлемнің үздік төрт командасының қатарына кіріп, мундиалдың финалына шығуға бір қадам қалғанда пенальти сериясында болашақ әлем чемпионы Португалияға жол берді. Қола медаль үшін болған ойында Қазақстан құрамасы Бразилия құрамасынан 2:4 есебімен ұтылды. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының көшбасшысы Дуглас Жуниор мундиалдың қола добын иеленді, ал ұлттық құрама шабуылшысы Тайнан 6 гол соғып, турнирдің үшінші бомбардирі атанды. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы әділ ойыны үшін ФИФА-ның «Fair Play» арнайы сыйлығымен марапатталды.

Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты

2022 жылы Қазақстан құрамасы Нидерландыда өткен Еуропа-2022 чемпионатына қатысты. Рикардо Каканың шәкірттері топтық кезеңде Словенияға (4:4), Финляндияға (6:2) және Италияға (4:1) қарсы ойнады. Бірақ ширек финалда Қазақстан құрамасы Украина командасынан (3:5) жеңілді. Еуро-2022 қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының шабуылшысы Біржан Оразов 5 матчта 7 гол көрсеткішімен турнирдің үздік бомбардирі атанды.

Футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионаты

2024 жылы Футзалдан әлем чемпионаты оныншы рет өтеді. Әлем чемпионатын Өзбекстан қабылдайды, ал турнир 2024 жылғы 14 қыркүйектен 6 қазан аралығында Ташкент, Бұхара және Андижан қалаларында өтеді[5].

Чемпионаттың жеребесі 2024 жылғы 26 мамыр күні Самарқанд қаласында өтті. Жеребе қорытындысы бойынша төрт командадан тұратын алты топ жасақталды. Барлығы 24 елдің құрама командалары қатысады.

Негізгі іріктеу кезеңі

2022 жылдың шілдесінде Швейцарияның Ньон қаласында 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің негізгі кезеінің жеребесі тартылды. Жеребе нәтижесінде Қазақстан құрамасы бесінші топқа түсіп, Словения және Черногория құрамаларымен ойнайтын болды[6].

Негізгі іріктеу кезеңі 12 топтан тұрады. Әр топтың жеңімпаздары мен екінші орын алған үздік 4 команда тікелей элиталық кезеңге шығады. Ал екінші орын иеленген қалған 8 команда өтпелі ойындар арқылы тағы 4 жолдаманы сарапқа салады.

Черногориямен болатын ойынның алдында жарақат алып қалған Дәурен Нұрғожиннің орнына Ринат Төреғазин шақыру алды[7]. Сонымен қатар бас бапкер Ақтөбе футзал командасының ойыншысы Батырхан Кенжеғалиді де құрама сапына шақырды[8]. Команда капитаны Лео Игита ойыналды жаттығуда арқа жарақатын алғандықтан оның орнына Нарун Серіков құрамаға шақырту алды[9]. Қазақстан құрамасы негізгі іріктеу кезеңінің соңғы ойынында Словениямен тең түсті. Осы нәтижемен топтан бірінші орыннан келесі айналымға өтті. Қазақстан - 10 ұпай[10].

РетіКүніОйынӨткен жеріЕсепГолдар
18 қазан 2022Қазақстан - СловенияЖақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Астана2 : 0Ақбалықов 6, Дуглас 35
212 қазан 2022Черногория - Қазақстан«Верде Комплекс»Подгорица, Черногория1 : 5Маркович 16 Лео 10, Эдсон 18, Кнауб 28, Ақбалықов 28, Тайнан 37
39 қараша 2022Қазақстан - ЧерногорияБалуан Шолақ атындағы спорт сарайы,

Алматы, Қазақстан

7 : 0[11]Дуглас 2, Абдуманапулы 3, Кнауб 15, Ақбалықов 21, Оразов 25, 25, Валиуллин 40  
48 наурыз 2023Словения - Қазақстан«Дворана Табор», Марибор, Словаения3 : 3Чех 9, Осредкар 25, Турк 26 – Ақбалықов 5, Тұрсағұлов 15,Тайнан 20

Элиталық кезең

Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Әлем чемпионатына іріктеуде элиталық кезеңге өтіп, А тобында Нидерланд, Әзербайжан, Румыния құрамаларымен сайысқа түседі. Элиталық іріктеу кезеңінің ойындары 2023 жылдың қыркүйек айында басталып, желтоқсанға дейін жалғасады. Бес топтың жеңімпазы 2024 жылғы Әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. Екінші орын алған 4 команда плей-офф кезеңінде бақ сынасады. Олардың жеребесі 2024 жылдың 25 қаңтарында өтеді. Жеребе қорытындысында финалдық кезеңге жолдама алатын екі құрама 8-17 сәуір аранығында өтетін ойындарда анықталады. Әлем чемпионатының финалдық кезеңі 2024 жылғы 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбестанның Ташкент қаласында өтеді.

2023 жылғы 15 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Нидерланд құрамасымен сырт алаңда кездесті. 20 қыркүйек күні Румыния құрамасымен Алматыда ойнап, 4:3 есебімен жеңіске жетті.

2023 жылғы 6 қазанда Қазақстан ұлттық құрамасы Бакуде Әзербайжан құрамасымен кездесті. Кездесуде Қазақстан 2:4 есебімен жеңіске жетті[12]. Әзербайжанмен ойынға құраманың негізгі ойыншыларынан басқа қақпашы Қанат Жеткірбаев («Ақтөбе»), Ақжол Дәрібай («Семей»), Олжас Тайбасаров («Астана»), Лео («Жоинвиль», Бразилия)[13] шықырылды.

11 қазан коні Қазақстан құрамасы Астанада Әзербайжан құрамасымен қарымта ойын өткізді. Ойын Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтті. Әзербайжандық команда матчта Амадеу соққан голдың арқасында есеп ашты. Төрт минуттан кейін Галло есепті еселеді. 13-минутта Қазақстан құрамасы Леоның соққысымен айырманы қысқартты, ал таймның соңына қарай Біржан Оразов таразы басын теңестірді. Екінші таймның басында Дуглас Қазақстан құрамасын алға шығарды[14]. Осы матчта Лео және Біржан Оразов ұлттық құрама сапында өздерінің 50-нші ойындарын өткізді. Ал Дуглас Жуниор ұлттық құрамадағы өзінің 60-шы олын соқты.

РетіКүніОйынӨткен жеріЕсепГолдар
115 қыркүейек 2023 Нидерланд ҚазақстанTOPSPORTCENTRUM. Алмере, Нидерланд0:2Эдсон 4, Тұрсағұлов 28
220 қыркүйек 2023 Қазақстан РумынияБалуан Шолақ атындағы спорт сарайы,

Алматы, Қазақстан

4:3Дуглас 2, Ақбалықов 11, Эдсон 15, Оразов 20 Маня 4, 36, Сассе 32;
36 қазан 2023 Әзірбайжан ҚазақстанBaku Sports Hall

Баку, Әзербайжан

2:4[15]Ахмади 12 Манека 40 Оразов 23 Биэл 27' (автогол) Тұрсағұлов 36 Лео 39
411 қазан 2023 Қазақстан ӘзірбайжанЖақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы

Астана, Қазақстан

3:2[16]Лео 13, Оразов 18, Дуглас 22 – Амадеу 4, Галло 8
514 желтоқсан 2023Қазақстан - НидерландЖақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Астана.2:0Оразов 1, Дуглас 7;
620 желтоқсан 2023Румыния - Қазақстан«Валентин Стэнеску», Бухарест, Румыния0:2Есенаманов 8, Оразов 26

Қазақстан құрамасының топтық ойын кестесі

КүніУақыты (UTC+5)ҚұрамаҚарсыласОрныНәтиже
15 қыркүйек 202418:00 Қазақстан ИспанияТашкент
18 қыркүйек 202420:00 Қазақстан ЛивияАндижан
21 қыркүйек 202419:00 Қазақстан Жаңа ЗеландияБұхара

[17]

Құрамы

Футзалдан Әлем чемпионатына іріктеу кезінде бекітілген құрама (2022-2024)

2024 жылғы Футзалдан Қазақстан ұлттық құрама командасы
ОрныАты-жөніСуретіКлубТуған күніЖасыРостСалмақГолдарАссисттерМатчтар
Қақпашылар
Қақпашы2Леонардо де Мело Виейра Лейте (Игита)Қайрат06.06.1986377816
16Нарұн СеріковҚайрат30.09.2001222
Қорғаушылар
Қорғаушы4Асхат Құлбаев199529
8Лео1987373311
11Арнольд КнаубCемей1995294214
14Дуглас ЖуниорҚайрат1989358515
15Олжас ТайбасаровАстана199331
15Жахангир Рашит199924
17Біржан ОразовҚайрат1995297720
20Абдирасил АбдуманапұлыАят20012321
Шабуылшылар
Шабуылшы3ТайнанСпортинг02.12.19933142
5Ержан Кәрменов200420
6ЭдсонҚайрат19923243
7Азат ВәлиуллинАят19923241
9Альберт АқбалықовҚайрат19952935
10Шыңғыс ЕсенамановCемей19893531
12Дәурен ТұрсағұловҚайрат19962883
13Райымбек ЖұмаCемей2002223
18Ақжол Дарибай2000242
19Ринат ТөрегазинCемей1996282
21Дамир Қайрбай200519
БапкерКакà

Рикардо Кака 2022-2023 маусымын аяқтаған соң Қайрат футзал командасының бас бапкері қызметінен кету туралы және барлық уақытын Ұлттық құрамаға арнайтынын хабарлады. 2023 жылдың шілде айында бас бапкермен жаңа келісім-шарт жасалды. Келісімшарт мерзімі 2024 жылдың соңына дейін деп бекітілді. Рикардо Кака ұлттық құраманы 2018 жылдан бастап жаттықтырады[18].

Бапкерлер штабы:

  • Пауло Рикардо Фигейро Силва (Кака) — Бас бапкер
  • Дәурен Нұрғожин — Бас бапкердің көмекшісі
  • Григорий Шамро — Қақпашылардың жаттырықтырушы
  • Тьяго Дуарте Вийера — Физиотерапевт
  • Вендел Луиз – физикалық дайындық бойынша бапкер
  • Ахматхон Искандаров – доктор
  • Ойбек Пулатов – массажист
  • Куаныш Избасаров – менеджер
  • Рахат Акимкул – администратор

Нәтижелері

Футзалдан ұлттық құрама балаларға мастер-класс ұйымдастыруда 2021
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттығуы 2021
ЧемпионатӨткен жеріНәтижесі
1989Нидерландықатыспады
1992Гонконгқатыспады
1996Испанияқатыспады
2000Гватемала1 раунд
2004Тайваньквалификациядан өтпеді
2008Бразилияквалификациядан өтпеді
2012Таиландквалификациядан өтпеді
2016Колумбия2 раунд
2021Литва4 орын
2024Өтеді

Еуропа чемпионаты

ЧемпионатӨткен жеріНәтижесі
2003Италияқатыспады
2005Чехияөтпеді
2007Португалияөтпеді
2010Венгрияөтпеді
2012Хорватияөтпеді
2014Бельгияөтпеді
2016Сербия3-ші орын
2018Словения4-ші орын
2022Нидерланды1/4 финал
ЖылӨткен жеріНәтижесі
1999Малайзия3-ші орын
2000Таиланд2-ші орын
2001Иран1/4 финал

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер