Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіҚазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы органы. Министрліктің негізгі міндеттеріне бюджетті жоспарлау, бухгалтерлік есеп жүргізу, кеден ісі мен салық саясатын іске асыру, этил спиртінің, алкоголь және темекі өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу, мемлекет берген және мемлекет алдындағы борышты басқару, республикалық мүлікті басқару, мемлекеттік сатып алу, ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыру жатады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
(ҚР ҚарМин)
Жалпы мағлұмат
Құрылған уақыты19 қазан 1920 жыл
Оның алдындағы мекемеҚазАКСР Қаржы халық комиссариаты, Қазақ КСР Қаржы министрлігі
Жоғарыда тұрған мекемеҚазақстан Республикасының Үкіметі
Штаб-пәтері010000, Астана, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй.
59°09′57″ с. е. 71°27′47″ ш. б. / 59.16583° с. е. 71.46306° ш. б. / 59.16583; 71.46306 (G) (O) (Я)
МинистрМәди Такиев
Негізгі құжатҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы[1]
Ресми сайты
gov.kz/memleket/entities/minfin?lang=kk

Тарихы

1920 жылы қазанда Қазақ КСР Қаржы халық комиссариаты ретінде құрылды.[2]

1946 жылдан бастап — Қазақ КСР Қаржы министрлігі.[3]

ҚР Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 2001 ж. 20 қаңтардағы қаулысымен министрліктің Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеті құрылды.

ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен министрлік ҚР Қаржы министрлігі мен «ҚР Мемлекеттік сатып алу жөніндегі Агенттігіне» бөлу арқылы қайта ұйымдастырылды, оның бюджеттік жоспарлау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері «ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне» берілді. ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі де ҚР Қаржы министрлігіне қосу арқылы қайта ұйымдастырылды, оның мемлекеттік кірісті жоспарлау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне, кеден істері — ҚР кедендік бақылау агенттігіне берілді.

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 3 қыркүйектегі қаулысымен министрлік туралы жаңа ереже бекітілді, сондай-ақ министрліктің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті мен Салық комитеті құрылды.

ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығына сәйкес министрліктің Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі комитеті ҚР 2002 ж. 18 қыркүйектегі қаулысымен таратылды.

ҚР Үкіметінің 2003 ж. 22 қаңтардағы қаулысымен ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің Акцизделетін өнім өндірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеті таратылды, оның этиль спирті мен алкоголь өнімінің өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы функциялары мен өкілеттіктері ҚР Қаржы министрлігіне берілді.

ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен министрлік қайта ұйымдастырылды, оның Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің экономика секторларындағы мемлекеттік активтерді басқару өрісінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру саласындағы функциялары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне берілді. ҚР Мемлекеттік сатып алу жөніндегі және Кедендік бақылау агенттіктері де оларды ҚР Қаржы министрлігіне қосу арқылы қайта ұйымдастырылды.

ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы №1134 қаулысымен таратылған Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттігі мен Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау кoмитетінің негізінде Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетi құрылды.

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 Қаулысымен Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті құрылды. Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті Қаржылық бақылау комитеті болып өзгертілді.

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 947 қаулысымен Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Салық комитетіне қосылды.

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 300 қаулысымен Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті құрылды.

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысымен Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен Кедендік бақылау комитеті біріктіріліп, Мемлекеттік кірістер комитеті құрылды.

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 264 қаулысымен Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті Ішкі мемлекеттік аудит комитеті болып өзгертілді.

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 879 қаулысымен Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттік сатып алу комитеті Қазынашылық комитетіне қосылды.

ҚР Президентінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы № 501 Жарлығымен Қаржы министрлігінің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы, сондай-ақ экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру бойынша функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі құрылды. Осы жарлыққа байланысты ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 98 қаулысымен Қаржы мониторингі комитеті таратылды.

Комитеттері

Қарамағындағы мекемелер

  • «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ
  • «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ
  • «Электрондық қаржы орталығы» АҚ
  • «Direct Investment Fund «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF)» Ltd жеке компаниясы
  • «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd жеке компаниясы
  • «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС

Министрлікті басқарғандар

ЕсіміБасқарған және басқаруын аяқтаған уақытыСуреті
1Төлеубек Әбдіқадыровақпан 1990қараша 1992
2Еркешбай Дербісовқараша 1992қазан 1994
3Александр Павловқазан 1994ақпан 1998
4Сауат Мыңбаевнаурыз 1998наурыз 1999
5Ораз Жандосовнаурыз 1999
6Мәжит Есенбаев1999қаңтар 2002
7Александр Павлов20022003
8Ерболат Досаев20035 сәуір 2004
9Арман Дунаев5 сәуір 200419 қаңтар 2006
10Наталья Коржова18 қаңтар 200614 қараша 2007
11Болат Жәмішев13 қараша 20076 қараша 2013
12Бақыт Сұлтанов6 қараша 201311 қыркүйек 2018
13Әлихан Смайылов18 қыркүйек 2018 — 18 мамыр 2020
14Ерұлан Жамаубаев[4]18 мамыр 20206 ақпан 2024
15Мәди Такиев6 ақпан 2024 — қазіргі уақыт

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер