Қабиболла Қабенұлы Жақыпов
Қабиболла Қабенұлы Жақыпов (16 қыркүйек 1949 жылы туған, Казталов ауданы, Батыс Қазақстан облысы) — мемлекеттік қызметші, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің төрағасы, техника ғылымдарының кандидаты.
Өмірбаян
- Еңбек жолын аудандық байланыс торабының электромонтері ретінде бастаған.
- 1972 жылы Ақмола инженерлік-құрылыс институтын бітірген.
- 1972 жылдан аудандық құрылыс мекемелерінде прораб, инженер, бас инженер, «Оралұжымшарқұрылысы» тресінде бас инженер.
- 1979 жылдан Орал қалалық, кейін аудандақ партия-кеңес орындарында еңбек етті.
- 1991-1992 жылдары Орал қалалық атқару кеңесінің төрағасы
- 1992-1993 жылдары Орал қаласының әкімі
- 1993-2000 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі
- 2000 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрінің бірінші орынбасары болып тағайндалды.[1]
- 2003 жылдан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатындағы өкілі.
- 2007 жылдан – төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
- 2012 жылдың қаңтар айынан бастап – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халық-тық-Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
- 2012 жылдың қыркүйегінен – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары болып сайланды.
- 2014 жылдың 3 сәуірінен бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайланды.
Марапаттары
Отбасы
Үйленген. Жұбайы - Жақыпова Баян Сейсенқызы (1949 жылы туған). Ұлдары - Жақыпов Жаслан (1974 жылы туған), Жақыпов Аслан (1977 жылы туған). Немерелері - Темірлан (1998 жылы туған), Ерлан (2001 жылы туған), Алан (2002 жылы туған), Дана (2004 жылы туған), Мәдина (2007 ж.т.), Лаура (2008 ж.т.).[2][3]
Дереккөздер
🔥 Top keywords: Басты бетҚұрбан айтҚұрбандықАбай ҚұнанбайұлыҚазақша жыл санауАрнайы:ІздеуҚазақ хандығыМұхтар Омарханұлы ӘуезовШыңғыс ханӘкелер күніҚазақстанӨзін-өзі өлтіруТүрік қағанатыАйтИсламдағы жыныстық өмір әдебіЕтеккірБесін намазыАбай жолы (роман)Ахмет БайтұрсынұлыАлланың есімдеріМұхаммедАлаш партиясыӘл-Фатиха сүресіКөкжөтелЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШылауҚазақ хандығының құрылуыСақтарҚазақ хандарыҚазақстан Республикасының КонституциясыКөмірсуларЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісБауыржан МомышұлыҚой малының атауларыЖасушаОйжұмбақ 2ЕтістікҒұндар