Ғұлама
Ислам туралы мақалалар тізімдемесінің бөлігі | |
![]() | |
Ғұлама (араб.: علماء — ғұлама́, жекеше — араб.: عالم — әлім-қаз. ғалым; қаз. «білгірлер», «даналар») – білімді, оқымысты ғалымдар-әлімдер, асқан ақыл-ой иелері. Ислам дінінің таралуына орай қазақ халқы Құран Кәрімнің аяттарын, шариғат пен хадис талаптарын жатқа білетін әрі мұсылманшылықтың этикалық-құқықтық қағидаларын жетік меңгерген адамдарды осылай атаған.[1] Ғұлама(лар) медресе-мешіттердегі рухани лауазым иелері – мұхаддис, факих, мұтақалим, дамолла, т.б. тәрізді шәкірт тәрбиелеп, ел құрметіне бөленген. Сондықтан қазақ халқының дәстүрлі ұғымында ғұламалар ғылым-білім игеруге құштарлықтың, рухани тазалықтың, ұлағаттылық пен кемелдіктің иелері. Өз заманынан оза ой айтып, құнды әдеби-ғылыми мұралар қалдырған, сол арқылы ұлт мәдениетінің кемелденуіне үлес қосқан кемеңгер тұлғаларды (мысалы, әл-Фараби, Абай, Қ.И.Сәтбаев, т.б.) да құрметтеп, ғұлама деп атайды.[2]ISBN 5-89800-123-9[3]
Дереккөздер
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |