Ягеллония


«Ягеллония» (пол. Sportowa Spółka Akcyjna Jagiellonia Białystok) — Польша чемпионаттарында ойнайтын Белосток қаласындағы футбол клубы. 1920 жылы құрылған. Атауы Польша падищасы, ягеллондар династиясының негізін қалаушы Владислав ІІ Ягайлоның құрметіне қойылған.

Польша Ягеллония
Құрылған жылы

1920

Стадионы

Қалалық стадион, Белосток

Сыйымдылығы

22432

Бас жаттықтырушы

Польша Ирениуш Мамрот

Сайты

www.jagiellonia.pl

Жарыс

Экстракласса

2021/22

12.

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма

Өз алаңындағы ойындарын Қалалық стадионда өткізеді. Қазіргі таңда Польша Экстракласында (Жоғары дивизион) ойнайды. 2007 жылдан бері үздіксіз элитада ойнап келе жатыр.

Қалалық Стадион
Қалалық Стадион
Қалалық Стадион
Клубтың штаб-пәтері

Жетістіктері

Экстракласса

  • Вице-чемпион (2): 2016/17, 2017/18
  • 3-орын (1): 2014/15

Бірінші лига

  • Чемпион (1): 1986/87
  • 2-орын (2): 1991/92, 2006/07
  • 3-орын (3): 1985/86, 1990/91, 2005/06

Польша кубогы

  • Жеңімпаз (1): 2009/10
  • Финалист (2): 1988/89, 2018/19

Польша суперкубогы

  • Жеңімпаз (1): 2010

Атаулары

  • 1920—1932 — «ВСК»
  • 1932—1935 — «БСК Ягеллония»
  • 1935—1945 — «ВСК Ягеллония»
  • 1946—1948 — «ПКС Мотор Белосток»
  • 1948—1949 — «СК Белосток Вице»
  • 1949—1951 — «Звонковец»
  • 1951—1955 — «Будовлани»
  • 1955—1973 — «Ягеллония Будовлани»
  • 1973—1999 — «МСКБ Ягеллония Белосток»
  • 1999—2003 — «Ягеллония—Версал Подляский»
  • 2003—н. в. — «ССА Ягеллония Белосток»

Ойыншылар

2022 шілде

Атақты ойыншылары

Сілтемелер