Юрий Степанович Клушкин

Юрий Степанович Клушкин (7 ақпан, 1937, Ферғана, Өзбек КСР) – оркестр солисті. Қазақстанның халық әртісі. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры. ҚРның Білім беру ісінің Үздігі.

Юрий Степанович Клушкин
Туған күні

7 ақпан 1937 (1937-02-07) (87 жас)

Туған жері

Ферғана, Өзбек КСР

Белсенділік жылдары

1956 бастап

Мемлекет

 КСРО
 Өзбекстан
 Қазақстан

Мамандықтары

музыкант,
концерт орындаушысы,
оркестр әртісі,
музыка мұғалімі,
профессор

Аспаптары

Труба

Жанрлары

классикалық музыка

Марапаттары

Жалпы мәліметтер

Ұлты - Орыс.Ташкент мемлекеттік консерваториясын (1960) концерттік орындаушы мамандығы бойынша;Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (1961) оркестрсолисі, оқытушы мамандығы бойынша бітірген.1987 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үрмелі және соқпалы аспаптар кафедрасының профессоры.

Шығармашылығы

  • 1956 жылдан - М. Горький атындағы Мемлекеттік орыс драма театрының әртісі.
  • 1959 жылдан - Өзбек мемлекеттік эстрадасының әртіс-кернейшісі.
  • 1960 жылдан - ҚазКСР Министрлер кеңесі жанындағы Радио және телевизия комитетінің эстрадалық оркестрінің әртісі *1962 жылдан - ҚазКСР Мемлекеттік симфониялық оркестрінің әртісі.
  • 1979 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оқу-тәрбие жөніндегі проректоры.
  • 1986 жылдан - Мемлекеттік симфониялық оркестрдің кернөйлер тобының концертмейстөрі.
  • 1988 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үрмелі және соқпалы аспаптар кафедрасының профессоры әрі меңгерушісі.
  • 1993 жылдан бері - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының үрмелі және соқпалы аспаптар

кафедрасының профессоры.

Марапаттары

Жеке қасиеттері

Діни көзқарасы - атеист.Саяси қайраткер рөтіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Оптимистік».Сүйіп оқитын әдебиеті - классика.[1]

Дереккөздер