Этноним

Этноним (грек. ethnos – халық, onyma – есім, атау) – ру, тайпа, ел, халық, ұлт атаулары. Көне дәуірлерде Этнонимдердер ұран, ру, таңба ретінде пайдаланылып, ру, тайпа, ұлыс, ел аттарымен, солардың ішінен шыққан рубасылары мен би, ақсақал, батырлардың есімдерімен де аталған, жер-су аттары ретінде де қолданылған. Этнонимдердер дербес мағыналы, көбінесе жинақтау, көптік ұғымдарды білдіретін сөздер. Этнонимдердердің шығу, пайда болу тарихын зерттеуші – этнонимика ономасиологияның бір тармағы болып саналады. Олар әр түрлі граммат. тұлғаларда (-лы, -лі, -лар, -лер, т.б.) қолданылып, атауын тұрақты сақтайды. Мыс., Балталы, Ошақты, Қаңлы, Сіргелі, Төлеңгіт, Дулат, т.б. Әдеб.: Ономастика, М., 1969; Попов А.И., Названия народов КСРО, Л., 1973; Жанұзақов Т., Этнонимдердегі көптік жалғау формалары // ҚазКСР ҒА Хабарлары, филол. сер., 1975, №1.Т. Жанұзақов[1]

Дереккөздер

<references>