Эстакада

Эстакада (фр. estacade – қада, арқалық) – жүкті түсіру-тиеу жұмыстарына, көліктің (жаяу адамның) өтуіне, т.б. мақсатқа арналып жер үстіне (су бетіне) темір-бетоннан, болаттан, ағаштан, тастан салынған көпірлік құрылыс. Ол бірнеше тірек пен өткіндік құрылыстан тұрады. Эстакада пайдалану мақсатына, жасалатын материалына және жергілікті жағдайға қарай арқалықты, көсікті, ұстынды, т.б. құрылымды болып дайындалады.[1][2]

Дереккөздер

<references>