Эонотема

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өтуІздеуге өту

Эонотема — халықаралық дәрежеде келісілген бірегей жержылнамалық шкаланың ең ірі (иерархиялық бағыныштылык түрғысынан) бірінші дәрежелі бірлігі немесе бөлімшесі болып табылатын эонның стратиграфиялык баламасы. Екінші сөзбен айтқанда, "эон" түсінігі белгілі бір геологиялық уақыт аралығын қамтитын болса, "эонотема" сол эон барысында түзіліп үлгерген тау жынысы қабатын белгілейді. 2000 жылы Бразилияда өткен Бүкілдүниежүзілік геологиялық конгресте бекітілген стратиграфиялық шкалаға сәйкес үш эон дараланған, олар, архей эонотемасы, протерозой эонотемасы жоне фанерозой эонотемасы. Эонтема өз кезегінде эратемаларға жіктеледі.[1]

Дереккөздер

қайнарын өңдеу


Навигация мәзірі