Энциклика

Энциклика - [лат. encyclica - жалпыға ортақ] - барлық католиктерге бағытталған, дінді ұстанушыларға нұсқаулық мәні бар папаның Жолдауы. Энциклика бағдарламалық сипатта болады және діни, қоғамдық-саяси, өнегелік және өзге де мәселелерге арналады. Олар латын тілінде жазылып, мәтіннің алғашқы сөзімен аталады. Папа Лев ХӀӀӀ-нің 1891 ж. жарық көрген "Рерум новарум" ("Жаңа заттар туралы") энцикликасында Католик шіркеуінің негізгі әлеуметтік-саяси көзқарастары, 1991 ж. шыққан Иоан Павел ӀӀ-нің "Центесимус аннус" ("Жүзінші жыл") энцикликаларында кездеседі.[1]

Дереккөздер