Экономикс

Экономикалық теория – күрделі қоғамдық жəне əлеуметтік əрі гуманитарлық ғылым. Оның зерттеу аясында, біз білетініміздей, қоғамның шектеулі мүмкіндіктері жағдайында шексіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қабылдайтын шешімдері сияқты мəселелер қаралады.Экономикс - барлық экономика ғылымдарының жетістіктерін жинақтайтын, бизнес заңдарын және оларды іске асыру тетігін, шаруашылықты жүргізу әдістерін, экономикалық саясатты, экономиканың кез келген саласындағы практикалық қызметтің проблемалары мен қарама-қайшылықтарын ашатын ғылыми пән.

Дәлірек айтқанда, экономикс — шектеулі ресурстар дүниесінде адамдардың материалдық игіліктер мен көрсетілетін қызметтерді өндіру, бөлу және тұтыну барысындағы мінез-құлқын зерттеу.[1][2]

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Economics

Дереккөздер