Экзоцитоз

Экзоцитоз (exocytos, грек, exos сыртқа, тысқары, kytos – жасуша) – заттардың жасушалардан сыртқа шығарылу процесі. Экзоцитоз кезінде жасуша цитоплазмасындағы әртүрлі протеин молекулалары, мукополисахарид немесе май тамшылары, ферменттер және т.б. заттар көпіршіктер түрінде жасуша плазмолеммасымен қапталып, жасушадан сыртқа шығарылады. Экзоцитоз процесінің іске асуына цитоплазмадағы микротүтікшелер мен жиырылғыш микрофиламенттер қатысады.[1]

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Exocytosis