Эдер Милитан

Эдер Габриэл Милитан (порт. Éder Gabriel Militão; 18 қаңтар 1998 жыл[1], Сертанзинью, Бразилия) — бразилиялық футболшы, Бразилия Ұлттық футбол құрамасы мен "Реал Мадрид" клубының қорғаушысы.

Эдер Милитан Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Эдер Габриэл Милитан

Туған күні

18 қаңтар 1998 (1998-01-18) (26 жас)

Туған жері

Сертанзинью, Бразилия

Азаматтығы

Бразилия Бразилия

Бойы

186

Салмағы

79

Позиция

қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Испания Реал Мадрид

Клуб карьерасы[* 1]
2017—2018Бразилия Сан-Паулу35 (3)
2018—2019Португалия Порту29 (3)
2019—Испания Реал Мадрид15 (0)
Ұлттық құрамы[* 2]
2018—Бразилия Бразилия8 (0)

Карьерасы

"Сан-Паулу" клубының түлегі. 2017 жылы 14 мамырда "Крузейроға" қарсы ойында тұңғыш рет клуб сапында ресми кездесуде алаңға шықты.

2018 жылы жазда "Портуға" ауысты. 2018/19 жылғы маусымда Португалия чемпионатында 29 кездесуде алаңға шығып, екі голдың авторы атанды.

2019 жылы жазда "Портудан" "Реалға" 50 млн еуроға ауысты. Мадридтік клубпен алты жылдық келісім шарт жасасты.

Ұлттық құрама

2018 жылдан бері Бразилия Ұлттық футбол құрамасы сапында ойнайды. 2019 жылғы Америка кубогына қатысты.

Жетістіктері

Клубтық

Реал Мадрид

  • Испания суперкубогы: 2019/20
  • Испания чемпионы: 2019/20

Халықаралық

Бразилия

Дереккөздер

Сілтемелер