Эдер Алейшо де Ассис

Эдер Алейшо де Ассис (порт. Eder Aleixo de Assis; 25 мамыр 1957 жыл, Веспасьяно, Минас-Жерайс) — бразилиялық футболшы, шабуылшы. Бразилия Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.

Эдер Футбол
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Эдер Алейшо де Ассис

Туған күні

25 мамыр 1957 (1957-05-25) (67 жас)

Туған жері

Веспасьяно, Минас-Жерайс, Бразилия

Азаматтығы

Бразилия Бразилия

Бойы

176

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтады

Клуб карьерасы[* 1]
1973—1976Бразилия Америка Минейро
1977—1979Бразилия Гремио
1980—1985Бразилия Атлетико Минейро
1985Бразилия Интернасьонал Лимейра
1986Бразилия Палмейрас
1987Бразилия Сантос
1987Бразилия Спорт Ресифи
1988Бразилия Ботафого
1988Бразилия Атлетико Паранаэнсе
1988Парагвай Серро Портеньо
1989Түркия Фенербахче
1989—1990Бразилия Атлетико Минейро
1991—1992Бразилия Униан Сан-Жуан
1993Бразилия Крузейро
1994—1995Бразилия Атлетико Минейро
1995Бразилия Униан Сан-Жуан
1996Бразилия Конквест Баия
1996Бразилия Гама
1997Бразилия Монте Кларос
1975—1997барлығы:926 (549)
Ұлттық құрамы[* 2]
1979—1986 Бразилия53 (9)

Карьерасы

Команданы өте көп ауыстырған футболшы. 24 жылдық карьерасында 15-тен аса клубта ойнады. Ең ұзақ ойнаған клубы "Атлетико Минейро". Бұл командада 5 жылдай доп тепті. Ойнаған клубтарының барлығы дерлік бразилиялық командалар, тек 1988, 1989 жылдары Парагвайдың "Серро Портеньо" және Түркияның "Фенербахче" командаларында бір маусымнан ойнады.

1982 жылы әлем чемпионатында топтық кезеңнің бірінші турында КСРО қақпасына жеңіс голын соқты. Кейін Шотландияның қақпасына да керемет гол соқты. Турнирден соң Эдер чемпионаттың символикалық құрамасының тізіміне енді.

1986 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуіне қатысты, бірақ спорттық тәртібі нашарлап кеткендіктен чемпионатқа бара алмады. Содан кейін қайтадан құрамаға шақырылған жоқ.

Жетістіктері

Клубтық

Гремио
  • Риу-Гранди-ду-Сул штатының чемпионы: 1977, 1979
Атлетико Минейро
  • Минас-Жерайс штатының чемпионы: 1980, 1981, 1982, 1983, 1985, 1989, 1995
Крузейро
  • Бразилия кубогы: 1993

Халықаралық

Бразилиия құрамасы
  • 1983 жылғы Америка кубогының күміс жүлдегері

Сілтемелер