Шұбарқұрлар туысы

Шұбарқұрлар туысы (лат. Tetrastes) – үш түрден тұратын тауықтәріздестер құстар отрядының 11 туысының біреуі. Шағын денелі, салмағы 0,5 кг, басында өзіне тән айдары бар құс. Табаны шала қауырсынданған. Қазақстанда тек қана шұбарқұр (кейде сұрқұр деп те аталады) өмір сүреді.

Шұбарқұрлар туысы
Tetrastes bonasia
Tetrastes bonasia
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Chordata
Табы:Aves
Сабы:Тауықтәрізділер
Тұқымдасы:Қырғауылдар тұқымдасы
Кіші тұқымдасы:Tetraoninae
Тегі:Tetrastes[1]
Keyserling & J. H. Blasius, 1840
Түрлері:

Tetrastes bonasia
Tetrastes sewerzowi
Bonasa umbellus

Синонимдері

Bonasa

Түрлері

  • Шұбарқұр - лат. Tetrastes bonasia (Linnaeus, 1758).
  • Северцев шұбарқұры - лат. Bonasa sewerzowi (Przewalski, 1876).
  • Жағалы шұбарқұр - лат. Bonasa umbellus (Linnaeus, 1766).

Шұбарқұрлар жылдың үлкен бөлігінде ағаш бүршіктері және сырғаларымен қоректенеді, ал жазда жидектерді, тұқым және әр алуан бунақденелілерді талғау қылады. Құрлар қыста қар шұңқырларында түнейді, өте суық күндері күндері күндіз де сол шұңқырларда болуы мүмкін. Жылдың көпшілік бөлігін орманда, жерде өткізеді, қауіп төнген шақта ағаш басына ұшып барып қонақтауға ұмтылады. Әдетте көзге аз шалынатын ағаш бөрікбасының ортасына таман, ағаш діңіне қонақтайды[2].

Дереккөздер