Шырылдақтар туысы
Шырылдақтар туысы (лат. Locustella) — Қазақстандағы сандуғаш тұқымдастарға жататын 8 туыстың біреуі. Шырылдақ туысты құстар - шағын денелі, ажарсыз құстар. Олардың денесі созылыңқы, қалың өскен шөптерде мекендеуге жақсы бейімделген және өзіне тән әуені бар.
Шырылдақтар туысы | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Locustella luscinioides | ||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Түрлерi | ||||||||||||
Locustella accentor |
Олардың әуені бунақденелілердің, әсіресе шілделіктердің шырылына көбірек ұқсайды. Айқабақтар тәрізді шырылдақтардың да құйрығының ұшы дөңгеленген: сыртқы бұлқын қауырсындарының әрбір жұбы ішкі қалыпта орналасқан көршілес қауырсыннан көзге түсерліктей қысқа. Моногамиялы. Бунақденеқоректі. Аталықтары мен аналықтарының өңі бірдей.Еуразияда қоныстанатын туыстың 10 түрінен Қазақстанда 5 түрі: кәдімгі шырылдауық , теңбіл шырылдауық, бұлбұлрең шырылдауық, сайрауық шырылдауық және өзен шырылдауықтары кездеседі.[1]