Шелль мәдениеті
Шелль мәдениеті(көне ашель немесе аббевиль мәдениеті) — төменгі палеолит кезіндегі археологиялық мәдениет (600 — 400 мың жыл бұрын).
Париж маңындағы Шелль (Chelles) қаласының атымен аталған. Шелль мәдениеті Африка, Еуропа, Оңтүстік батыс және Оңтүстік Азия жерлеріне; ТМД елдерінде: Грузия (Яштух), Армения (Сатани-Дар), Украина (Лука-Врублевец), Қазақстан (Ақкөл, Бөріқазған), т.б. жерлеріне тараған. Бұл мәдениет кезінде өте қарапайым тас құралдар: қол шапқылар, чопперлер, чоппингтер, үшкір кесек тастар, сондай-ақ ағаш шоқпарлар, т.б. құралдар қолданылып, тұрғындары аңшылықпен, терімшілікпен айналысқан. Шелль мәдениетінің адамдары (питекантроп, синантроп, гейдельберг адамы) алғашқы қауымдық тұрмыста өмір сүрген.[1]
Дереккөздер
🔥 Top keywords: Басты бетҚұрбан айтҚұрбандықАбай ҚұнанбайұлыҚазақша жыл санауАрнайы:ІздеуҚазақ хандығыМұхтар Омарханұлы ӘуезовШыңғыс ханӘкелер күніҚазақстанӨзін-өзі өлтіруТүрік қағанатыАйтИсламдағы жыныстық өмір әдебіЕтеккірБесін намазыАбай жолы (роман)Ахмет БайтұрсынұлыАлланың есімдеріМұхаммедАлаш партиясыӘл-Фатиха сүресіКөкжөтелЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШылауҚазақ хандығының құрылуыСақтарҚазақ хандарыҚазақстан Республикасының КонституциясыКөмірсуларЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісБауыржан МомышұлыҚой малының атауларыЖасушаОйжұмбақ 2ЕтістікҒұндар