Феска
Феска немесе фес — Осман империясы мен Солтүстік Африка елдеріндегі бас киім үлгісі; үстінде қара немесе көк түсті шашағы бар жүннен тоқылған қызыл түсті қалпақ. Византия мемлекетінен бастау алады. «Феска» атауы Мароккодағы (Марокко) Фес қаласымен байланысты. 1826 жылдан бастап феска Осман империясында сәлденің орнына шенеуніктер мен солдаттардың бас киімі ретінде қабылданды.
![]() Ислам мақалалар тізбегінің бөлігі |
---|
Архитектура |
Араб ·Әзірбайжандық |
Өнер |
Каллиграфия · Миниатюра · Кілемдер |
Киім әдебі |
Абайя ·Иқал ·Боубоу |
Мейрамдар |
Әдебиет |
Араб ·Әзірбайжандық ·Бенгалдық |
Махмуд II (1808-1839)кезіндегі еуропалық киім үлгісіне деген сән фескаға әсер еткен жоқ, себебі феска еуропалық қалпақтарға қарағанда намаз оқуға кедергі келтірмейтін еді.
Феска Түркияда 1920-ы жылдары Ататүріктің кезінде еуропалық киім үлгісі енгізілгенде қолданыстан шығып қалды. Италияда қара түсті фескаға сән 1920-1940 жж. фашизм дәуірінде тарала бастап, фашизмнің белгіміне айналды. Мысырда 50-ші жылдардың соңына шейін сақталды.