Ференц Пушкаш

Ференц Пушкаш (маж. Puskás Ferenc 2 сәуір 1927 жыл, Будапешт, Мажарстан17 қараша 2006 жыл, Будапешт, Мажарстан) — әйгілі[2] мажар футболшысы және бапкерi[3].

Ференц Пушкаш Футбол
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Ференц Пурцельд Биро[1]

Туған күні

2 сәуір 1927 (1927-04-02)

Туған жері

Будапешт, Мажарстан[1]

Қайтыс болған күні

17 қараша 2006 (2006-11-17) (79 жас)

Азаматтығы

Мажарстан Мажарстан
Испания Испания[1]

Бойы

172 см[1]

Позиция

Орталық шабуылшы[1]

Клуб карьерасы[* 1]
1943—1956Мажарстан Гонвед354 (357)
1958—1967Испания Реал Мадрид180 (155)
1942—1967Барлығы537 (516)
Ұлттық құрамы[* 2]
1945—1956Мажарстан Венгрия85 (84)
1961—1962Испания Испания4 (0)
Бапкерлік карьерасы
1967Испания Эркулес Аликанте
1967Америка Құрама Штаттары Голден Гейт Гейлс
1968Америка Құрама Штаттары Ванкувер Ройалс
1968—1969Испания Алавес
1970—1974Грекия Панатинаикос
1975Испания Реал Мурсия
1975—1976Чили Коло-Коло
1976—1977Сауд Арабиясы Сауд Арабиясы
1978—1979Грекия АЕК Афина
1979—1982Мысыр Әл-Масри
1985—1986ПарагвайСоль де Америка
1986—1989Парагвай Серро Портеньо
1989—1992Аустралия Саут Мельбурн Эллас
1993Мажарстан Венгрия

Өмiрбаяны

Карьерасының басы

1927 жылдың 2 сәуірі. Мажарстан, Будапешт. Жұмысшылар әулеттері орналасқан Кишпешт ауданы[3]. Осында тап осы күні венгр футболы тарихындағы ең ұлы тұлға – Ференц Пурчельд өмір табалдырығын аттады[4]. Әкесі жергілікті «Кишпешт» командасының белді ойыншыларының бірі болып табылатын Ференц аяғын апыл-тапыл баса бастағаннан допқа үйір болып өсті[5]. Оның жасы 11-ге келгенде әкесі өзінің тегін «Пушкаш» деп өзгертті. Осыған орай Ференц те енді «Пушкаш» деген фамилияны алды[4].

Клубтық

Альфредо ди Стефано және Ференц Пушкаш

Жергілікті «Кишпешттің» дайындық тобында 9 жасынан ойнаған Ференц жасы 16-ға толғанда клубтың ересектер командасы сапына алынды[5]. Өзінің футболдағы ғажайып жолы осылай басталған Пушкаш арада екі жыл өткенде, 18 жасында бірінші рет Венгрия құрамасы сапында жасыл алаңға шықты[3]. Бұл мадиярлар елі бас командасының Австрия құрамасымен кезекті кездесуі болатын. Өздерін ара-тұра болып тұрған аздаған үзілісімен он бесінші ғасырдан бері билеп-төстеген Габсбургтер әулеті мен Аустрия-Венгрия империясының негізгі өкілдері болып табылатын австриялықтарды өлердей жек көретін венгрлер бұл ойынға барын салып, қарсыластарын 5:2 есебімен талқандап шықты. Олар австриялықтарды бұдан бір күн бұрын қоңыртөбелдеу есеппен, 2:0 есебімен жеңген еді. Бірақ бұл матчқа Пушкаш қатысқан жоқ[5].

1956 жылғы қазанда Венгрияда халық көтерілісі бұрқ ете қалды… Будапешттің тас көшелеріне кеңес әскерлерінің танктері гүрілдеп кіріп жатқанда, құрамында Ференц Пушкаш та бар «Гонвед» командасы Еуропа елдерінде турнеде жүр еді. Оқиғаны сырттай бақылаған команда ойыншылары дүрбелең басылғанша елге оралмай, өздері сол кезде қадам басқан Испания жерінде тұра тұрғанды жөн көрді. Ал бәрі тыныштанғаннан кейін Венгрияның бұрынғы бағытынан таймағаны, яғни, коммунистік режимде қалғаны белгілі болды. Бұл демократияны көксеген озық ойлы азаматтардың көңілінен шықпады. Осы тұста Венгрия құрамасының негізін құрайтын «Гонвед» футболшылары алдында екі түрлі таңдау тұрды. Олардың біріншісі – отанға оралып, кешігіп келгендері үшін әскери қызметкерлер ретінде тиісті жазаларын алу болса, екіншісі Батыста қалып, капиталистік үрдіспен ақша табудың жолына түсу еді. Футболшылардың басым бөлігі екінші жолды таңдады. Олардың қатарында Ференц Пушкаш та бар болатын[5].

Ференц Пушкаш «Реал» клубының үмітін молынан ақтады. Ол команда сапында ойнаған бірінші жылдың өзінде 24 ойында 21 гол соқты[4]. 1959-1960 жылғы маусымда 24 ойында қарсы қақпаға 26 доп түсірді. Сол жылы ол испан азаматтығын алып, есімін «Франсиско» деп өзгертіп, осы елдің құрамасы сапында ойнай бастады. 1962 жылы «Өлім шақыратын сол аяқ» (Пушкаштың лақап аты) Чилиде өткен әлем біріншілігінде Испанияның намысын қорғап, алаңға шықты. Пушкаш, жалпы, Испания чемпионатында төрт рет ең үздік мерген атанды.

Құрамадағы карьерасы

Шені жағынан қатардағы жауынгер, әйткенмен, футболшы ретінде барынша жетілген ол команда да, құрамада да жақсы ойынымен көзге түсіп, ұдайы гол соғып тұрды. Кейде Пушкаш ойынға белгіленіп берілген шеңбердің өзінен шығып кетіп, өз бетінше әрекет жасауға да көшіп кететін. Көбіне ол орталық форвардтың орнына ауысып алып, нағыз сойқанды салатын. Талантты ойыншы шетелдік клубтардың назарына да тез ілікті. Мәселен, Италияның «Ювентус» командасы 1947 жылдан оны өзіне шақыруға көшті[4]. Алайда, футболшы қайтпастық танытып: «Мен өзімнің командам мен отбасымды ешқашан тастамаймын!» дегенді кесіп айтты. Сөйте тұра, келесі 1948 жылы ол клуб ауыстыруға мәжбүр болды. Ференц Пушкаш осы жылы «Гонвед» әскери клубы құрамында өнер көрсете бастады. Сол жылдың ішінде-ақ ол Венгрия чемпионатында 50 гол соғып, ең үздік мерген атанды[4].

Осыдан кейінгі алты жыл бойына Венгрия құрамасы бүкіл әлемнің футбол алаңдарында өзімен пара-пар келетін қарсылас таппай, нағыз ала құйын ойнатты. Жоғарыда айтылған «венгр сиқыршыларының» діңін сол кезде қақпашы Дьюла Грошич, оң қапталдағы орта шеп ойыншысы Йожеф Божик, орта шептегі шабуылшылардың триосы – Шандор Кочиш, Нандор Хидегкути және Ференц Пушкаш құрады. Венгрлер жолында кездескеннің бәрін ойсырата ұтты. Олар сондай-ақ ойынның тактикалық схемасын да өзгертіп жіберді. Инсайд-форвард орнындағы Кочиш пен Пушкаш әрдайым шабуылдың өтінде жүрсе, Хидегкути «артқа тартылған» орталық форвардтың міндетін атқарды. Осы құрамдағы мадиярлар 1952 жылы Олимпиялық ойындардың чемпионы атағын жеңіп алды. Ал бір жылдан кейін атақты Уэмбли стадионында алаң иелері – Англия құрамасын 6:3 есебімен талқандап тастады. Бұл «жеңімпаз» ағылшындардың құрлықтағы командалардан ұтылған бірінші ойыны еді[4].

Келесі, 1954 жылдың басында венгрлер Англия құрамасын тағы да тас-талқан етті[1]. Бұл жолы Будапештте өткен ойында олар 7:1 есебімен жеңіске жетті. Осыдан кейін Швейцариядағы әлем чемпионатында Венгрия бас бәйгеден негізгі үміткерлердің бірі саналғаны түсінікті болатын. Жұрттың бәрі олардан тек жеңіс күтті. Алайда, үміт толығынан ақталмады. Дәлірегі, венгрлер әлем чемпионы бола алмады. Бұған, сірә, Ференцтің чемпионат басталған бойда ауыр жарақат алып қалғаны да себеп болса керек[1]. Басты қарсыластардың бірі – ГФР құрамасымен ойында қатардан шығып қалған ол бұдан кейін барлық ойынды жіберіп, соңғы ойын – немістермен финалда болған кездесуге ғана қатысты. Бірінші ойында венгрлер германдықтарды 8:3 етіп, ойсырата жеңген еді. Сондықтан ақтық айқас та оларға жеңілге түсетіндей көрінген. Содан болар, жарақатынан толық айықпаса да, Ференц финалға шығуға ұмтылды[1]. Мамандар сол кезде оның атақты сол аяғы мына нөпірге шыдар ма екен, деген күмән айтысты. Ференцтің өзі болса, шыдас беретініне еш күмәнданбады.

Сөйтіп, венгрлердің әлем чемпионатындағы ең алғашқы да соңғы финалдық ойыны басталып кетті. Оның бас жағы Пушкаш командасы үшін болды. Ойынның 12-минутында-ақ олар 2:0 есебімен алда тұрды. Осымен жеңістің ауылы қашық емес сияқты көрінген[1]. Бірақ немістер бұған қанағаттанбады. Олар венгрлермен жағаласа жүріп, ақыры есепті теңестірді. Бір кезде алға да шықты. Есеп – 3:2! Мадьярлар қанша талпынғандарымен, есепті теңестіре алмады. Осылайша әлем чемпионы атағы немістердің қанжығасында кетті. Венгрия құрамасы соңғы төрт жылда тұңғыш рет ұтылды. Осы жеңіліс оларды алтын медальдан қақты[6].

Осыдан бастап Испанияда қалып қойған футболшылар «Отанын сатқан опасыздар» атанды[4]. Атақты венгр құрамасы осылай өзінің өмір сүруін тоқтатты. Осы кезге дейін оның құрамында 84 ойын ойнап үлгерген Ференц Пушкаш 83 (!) гол соқты… Сол кезде оның қандай сезімде болғаны бізге белгісіз. Ал елде Ференцтің анасы қалып еді. Олар ұзақ жылдар бойы бір-бірін көре алмады[5]. Сосын футболшы Аустрияға келіп орналасты. Көп ұзамай отбасын осында көшіріп алды. Оның бар арманы Италия чемпионатында ойнау болды. Әйткенмен, оны жасының ұлғайып қалғаны алаңдатты. Сол кезде көмекке «Гонведтің» Испанияда орнығып қалған бұрынғы жаттықтырушысы Эмиль Остеррайхер келді[3]. Ол шәкіртін Мадридтің «Реалына» орналастыруға жәрдемдесті[3]. Бұл клуб ФИФА мен Венгрия футбол федерациясы тарапынан жасалған барлық шектеулер мен ескертпелерді ысырып тастап, оны өз қатарына алды. Клуб толысып кеткен футболшының өзін қалпына келтіруі үшін жарты жыл мұрсат берді. Осы аралықта Ференц жиырма келіге жуық салмақ тастап, жасыл алаңға қайта шықты[4].

Атамұра

1966 жылы футбол ойнауды аяқтаған Ференц жаттықтырушылық жұмысқа көшті[7]. Ол 1993 жылы туған елі – Венгрияға қайтып көшіп келді. Біршама уақыт ел құрамасы тізгінін ұстады. Ал 2006 жылдың 17 қарашасында 79 жасында пневмониядан қайтыс болды[8]. Ол ФИФА-ның шешімімен XX ғасырдың ең үздік бомбардирі атанды. Пушкаш Венгрияның 5 рет, Испанияның 5 рет чемпионы атағын жеңіп алды. Еуропа чемпиондары Кубогына 1959, 1960 және 1966 жылдары қол жеткізді[5].

Жетістіктері

Ференц Пушкаш кубокпен

Командалық

Гонвед Будапешт

  • Венгрия чемпионы (5): 1949/50, 1950, 1952, 1954, 1955 [9]
  • Барлығы: 5 оғыс олжалары

Реал Мадрид

Венгрия Ұлттық футбол құрама командасы

Жеке

Клубтық мансап кестесі

Клубтық мансабы
КомандасыМаусымЛигаКубогтарЧемпиондар

кубогы

ҚалғаныРесми
ойындары
Бейресми ойындарыБарлығы
ОйындарГолдарОйындарГолдарОйындарГолдарОйындарГолдарОйындарГолдарОйындарГолдарОйындарГолдар
Кишпешт B1943/4434------340034
Барлығы34000000340034
Гонвед1943/4418710----19700197
1944/4543------433073
194494------940094
19452010------2010002010
1945/463435------34354163851
1946/473032------3032????
1947/483250------3250????
1948/493046------3046????
1949/503031------3031003031
19501525------1525542029
1951212111----2222853027
19522622312----2934443338
19532627------2627342931
1954202164----26259123537
1955261800--433021523523
19561350021--15620+15+35+21+
195700------00711711
Барлығы3543571117214337137868+73+439+451+
Реал Мадрид1958/5924215252--332511104535
1959/60242559712--364614135059
1960/6128279142022414319176060
1961/62232081397--40409124952
1962/6330267520--393112125143
1963/6425210087--3328944232
1964/6518114432--25171083525
1965/66843135--14101552915
1966/67--------00128128
1967/68--------00--00
1968/69--------001010
Бары180155414839352226224011289374329
мансабы барлығы5375165265413665636622180+162+816+784+

Дереккөздер

Әдебиет

  • (өмірбаяны) Ferenc Puskas: Captain of Hungary: Ferenc Puskas (1955). Reprinted in 2007  (ағыл.) [1]
  • Behind the Curtain — Travels in Eastern European Football: Jonathan Wilson (2006)  (ағыл.) [2]
  • The World Cup — The Complete History: Terry Crouch (2002)  (ағыл.) [3]
  • 50 Years of the European Cup and Champions League: Keir Radnedge (2005)  (ағыл.) [4]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Ferenc Puskás

Сыртқы сілтемелер