Украинаның әкімшілік бөлінісі

Украинаның әкімшілік бөлінісінің (укр. Адміністративний устрій України) үш деңгейі бар: 27 аймағы (24 облысы, ерекше мәртебесі бар 2 қала және 1 автономиялық республика), 136 ауданы және 1469 громадасы бар.[1][2]

2020 жылдың шілде айындағы соңғы әкімшілік реформа 490 аудан мен облыстық маңызы бар 118 қаланың көпшілігін 136 ауданға біріктірді.[3]

Қырым мен Украинаның оңтүстік-шығысын Ресей Федерациясының аннексиялауынан кейін Қырым Автономиялық Республикасы мен Севастополь, сондай-ақ Донецк, Херсон, Луганск және Запорожье облыстарының бөліктері Ресей Федерациясының де-факто басқаруына өтті. Халықаралық деңгейде көптеген мемлекеттер Ресейдің жаулауын мойындамады.[4]

Бірінші деңгейлі бөлінісі

ТүсіСипаттамасы
     24 облысыУкраина облысы — елдің ең басты бірінші деңгейлі аймағы. Украина — унитарлы мемлекет, облыстардың Украина Конституциясында және заңда белгіленгеннен басқа көп құқықтық құзыреті жоқ.
     1 автономиялық республикаҚырым Автономиялық Республикасының әкімшілік статусы Украина Ата заңының 10-Бөлімінде бекітілген. 2014 жылғы Қырым дағдарысының нәтижесінде Ресей заңсыз түрде аймақты Қырым Республикасы атауымен аннексиялады.[5]
     2 ерекше мәртебесі бар қалаЕрекше мәртебесі бар екі қала бар: Киев және 2014 жылдан бері аннексияланған Севастополь. Олардың әкімшілік статусы Конституцияның 9-Бөлімінде бекітілген.[6] Облыс пен республикалар громадаларға бөлінсе, ерекше мәртебесі бар қалалар қалалық аудандарға бөлінеді.

Тізімі

БайрағыЕлтаңбасы#Атауы
[a]
Атауы
(украинша)
Ауданы (км2)Халқы (2021)Халық тығыздығы (адам/км2, 2021)ОрталығыАудан саныГромада саныОрналасуы
1Қырым
Автономиялық Республикасы
Автономна
Республіка Крим
26 081&&&&&&&&01967259.&&&&&01 967 25975,43Ақмешіт10
2Винница облысыВінницька область26 513&&&&&&&&01529123.&&&&&01 529 12357,67Винница663
3Волынь облысыВолинська область20 144&&&&&&&&01027397.&&&&&01 027 39751,00Луцк454
4Днепропетровск облысыДніпропетровська область31 974&&&&&&&&03142035.&&&&&03 142 03598,27Днепр786
5Донецк облысыДонецька область26 517&&&&&&&&04100280.&&&&&04 100 280154,63Донецк
(де-юре)
Краматорск
(де-факто)
866
6Житомир облысыЖитомирська область29 832&&&&&&&&01195495.&&&&&01 195 49540,07Житомир465
7Закарпатье облысыЗакарпатська область12 777&&&&&&&&01250129.&&&&&01 250 12997,84Ужгород664
8Запорожье облысыЗапорізька область27 180&&&&&&&&01666515.&&&&&01 666 51561,31Запорожье567
9Ивано-Франковск облысыІвано-Франківська область13 928&&&&&&&&01361109.&&&&&01 361 10997,72Ивано-Франковск662
10Киев облысыКиївська область28 131&&&&&&&&01788530.&&&&&01 788 53063,58Киев769
11Кировоград облысыКіровоградська область24 588&&&&&&&&&0920128.&&&&&0920 12837,42Кропивницкий449
12Луганск облысыЛуганська область26 684&&&&&&&&02121322.&&&&&02 121 32279,50Луганск
(де-юре)
Белогоровка
(де-факто)
837
13Львов облысыЛьвівська область21 833&&&&&&&&02497750.&&&&&02 497 750114,40Львов773
14Николаев облысыМиколаївська область24 598&&&&&&&&01108394.&&&&&01 108 39445,06Николаев452
15Одесса облысыОдеська область33 310&&&&&&&&02368107.&&&&&02 368 10771,09Одесса791
16Полтава облысыПолтавська область28 748&&&&&&&&01371529.&&&&&01 371 52947,71Полтава460
17Ровно облысыРівненська область20 047&&&&&&&&01148456.&&&&&01 148 45657,29Ровно464
18Сумы облысыСумська область23 834&&&&&&&&01053452.&&&&&01 053 45244,20Сумы551
19Тернополь облысыТернопільська область13 823&&&&&&&&01030562.&&&&&01 030 56274,55Тернополь355
20Харьков облысыХарьківська область31 415&&&&&&&&02633834.&&&&&02 633 83483,84Харьков756
21Херсон облысыХерсонська область28 461&&&&&&&&01016707.&&&&&01 016 70735,72Херсон549
22Хмельницкий облысыХмельницька область20 645&&&&&&&&01243787.&&&&&01 243 78760,25Хмельницкий360
23Черкассы облысыЧеркаська область20 900&&&&&&&&01178266.&&&&&01 178 26656,38Черкассы466
24Чернигов облысыЧернігівська область31 865&&&&&&&&&0976701.&&&&&0976 70130,65Чернигов557
25Черновцы облысыЧернівецька область8097&&&&&&&&&0896566.&&&&&0896 566110,73Черновцы352
26КиевКиїв839&&&&&&&&02962180.&&&&&02 962 1803530,61Киев10
27СевастопольСевастополь864&&&&&&&&&0385870.&&&&&0385 870446,61Севастополь4

Автономиялық республика

Қырым Автономиялық Республикасы (укр. Автоно́мна Респу́блика Крим) географиялық жағынан Украинаның оңтүстігіндегі Қырым түбегінің негізгі бөлігін қамтиды. Оның астанасы — Ақмешіт. Қырым Автономиялық Республикасы — Украина құрамындағы өз конституциясы бар жалғыз аймақ.

2014 жылдың 16 наурызында Қырымды ресейлік әскерилер басып алғаннан кейін Ресей Федерациясына қосылу туралы референдум өтті. Дауыстардың көпшілігі бұл шараны қолдады. 21 наурызда Ресей Мемлекеттік думасы Қырымды Ресей Федерациясының құрамына қосуына дауыс берді. Украина үкіметі референдумды да, Қырымды аннексиялауды да заңсыз деп таниды. 27 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясы 68/262-қарарын 100 қарсы 11 дауыспен қабылдап, референдумды жарамсыз деп танып, Қырым мен Севастопольдің мәртебесін өзгертпей-ақ қойды.

Облыстары

Толық мақаласы: Украина облыстары

Облыс (укр. о́бласть) Украинаның әкімшілік бөлінісінің бірінші деңгейінде орналасқан. Көптеген облыстары өздерінің әкімшілік орталығының атымен аталған. Астаналары Луцк және Ужгород болып табылатын Волынь және Закарпатье облыстары Волынь мен Закарпатьенің тарихи аймақтарының атымен аталған.

Ерекше мәртебесі бар қалалар

Толық мақаласы: Ерекше мәртебесі бар қала

Украинада екі қаланың ерекше мәртебесі (укр. міста́ зі спеціа́льним ста́тусом) бар: Киев және Севастополь. Олардың ерекше мәртебесі оларды облыстармен бірдей әкімшілік деңгейге қояды, осылайша қалалардың атқарушы органдарын құрайтын тиісті жергілікті мемлекеттік әкімшіліктер арқылы мемлекеттің тікелей бақылауында болады.

Ресей Федерациясы Қырымды аннексиялағаннан кейін Севастополь Ресейдің басшылығында және Ресейдің федералды субъектісі ретінде біріктірілді.

Екінші деңгейлі бөлінісі

Толық мақаласы: Украина аудандары

2020 жылдан бастап Украина аймақтары 136 ауданға бөлінеді.[8] Олар, өз кезегінде, қалалық, посёлкелік және ауылдық аумақтық громадаларға бөлінеді. Украинаның ірі қалалары қалалық аймақтарға бөлінген.

2020 жылға дейін бұл деңгей аудандар (укр. район), облыстық (укр. місто областного підпорядкування) және республикалық бағыныстағы қалалар (укр. місто республіканського підпорядкування) бойынша ұсынылды.

Үшінші деңгейлі бөлінісі

Громадалар

Толық мақаласы: Громада

Территориялық громадалар (укр. територіа́льна грома́да; территориялық қауымдастық) немесе громадалар (укр. грома́да) 2015 жылы басталған әкімшілік реформаның бөлігі ретінде 2020 жылдың 12 маусымында Украина үкіметімен құрылды.[9]

Громадалардың үш түрі бар: ауылдық (укр. сільська́ грома́да), кенттік (укр. се́лищна грома́да) және қалалық (укр. міська́ грома́да). Барлығы 1469 громада бар (2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша).[10]

Ескертпелер

Дереккөздер