Уве Зеелер

Уве Зеелер (нем. Uwe Seeler; 5 қараша 1936, Гамбург, Үшінші рейх21 шілде 2022) — неміс футболшысы, карьерасының басым бөлігін «Гамбург» командасында өткізген. ГФР құрамасының капитаны. Бүгінде бизнесмен.

Уве Зеелер Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Лақап аттары

Біздің Уве (нем. Unser Uwe)

Туған күні

5 қараша 1936 (1936-11-05)

Туған жері

Гамбург, Үшінші рейх

Қайтыс болған күні

21 шілде 2022 (2022-07-21) (85 жас)

Азаматтығы

 Германия

Бойы

168 см

Позиция

шабуылшы

Жастар клубы
1944—1953Германия Гамбург
Клуб карьерасы[* 1]
1953—1972Германия Гамбург519 (444)
1978Ирландия Корк Селтик1 (2)
1953—1978Барлығы520 (446)
Ұлттық құрамы[* 2]
1953—1954Германия ГФР U1810 (15)
1954—1970Германия ГФР72 (43)
1958Германия ГФР U231 (0)
Германия ГФР (B)3 (0)

Карьерасы

Әкесі Эрвин Зеелер де футболшы болған, Гамбург футбол құрамасында ойнап, 1933 жылы Венада өткен жұмысшылар Олимпиадасының үздік мергені атанған. Уве Зеелердің өзі де бүкіл карьерасын "Гамбург" футбол клубында өткізген. Футболшының дебюті 1953 жылы 5 тамыз күні "Геттингенге" қарсы өтті. Өзінің үздік матчы ретінде 1963 жылғы ГФР кубогының финалын жиі еске алады, ол "Боруссия Дортмунд" командасының қақпасына жауапсыз үш доп соққан-ды. Бұдан бөлек 1960 жылы ГФР чемпионы атанған. Команда сапында 19 жыл бойы тер төгіп, 1972 жылы қоштасу матчын өткізеді, мұнда Еуропа құрамасы мен "Гамбург" өзара кездеседі. 1978 жылы өзі серіктес болған "Адидас" фирмасының өтінішімен Ирландияның "Корк Сити" сапында бір ресми ойын өткізеді де, екі доп соғады. Бірақ "Корк Сити" 2:6 есебімен "Шемроктан" ұтылып қалды.

ГФР құрамасы сапында 1954 жылы 16 қазан күні тұңғыш рет алаңға шықты. Бұл ойында Уве нәтижелі пас шығарды, бірақ құрама француздардан 1:3 есебімен ұтылып қалды. Зеелер төрт бірдей әлем чемпионатында (1958, 1962, 1966, 1970) гол соғып, Пелемен бірге өзіндік рекорд жаңартты[1]. 1970 жылы соңғы голын ширек финалда Англияның қақпасына соқты да, турнир біткен соң құрамамен қош айтысты.

1995 жылы біраз уақыт "Гамбург" командасының президенті қызметін атқарады.

Жетістіктері

  • ГФР чемпионы: 1960
  • ГФР кубогы: 1963
  • Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 1966
  • Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 1970
  • ГФР-дің үздік футболшысы: 1960, 1964, 1970.
  • ФИФА 100 тізіміне енген

Дереккөздер

Сілтемелер