Тұрыш

ТұрышМаңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы ауыл.

Ауыл
Тұрыш
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Облысы

Маңғыстау

Ауданы

Бейнеу

Ауылдық әкімдігі

Тұрыш

Әкімі

Есмағанбетов Серік Манергеймұлы

Тарихы мен географиясы
Координаттары

45°26′54″ с. е. 56°06′21″ ш. б. / 45.44833° с. е. 56.10583° ш. б. / 45.44833; 56.10583 (G) (O) (Я) 56°06′21″ ш. б. / 45.44833° с. е. 56.10583° ш. б. / 45.44833; 56.10583 (G) (O) (Я)

Бұрынғы атаулары

1-ші Сам

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

686 адам (2021)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 72932

Автомобиль коды

12

Тұрыш картада
Тұрыш
Тұрыш
Тұрыш картада
Тұрыш
Тұрыш

Географиялық орналасуы

Аудан орталығы – Бейнеу ауылынан шығысқа қарай 80 км жерде, Сам құмының солтүстік шетінде орналасқан.

Тарихы

Ауыл 19731996 жылдары қаракөл қойын өсіретін “Сам” кеңшарының бөлімшесі болған. Оның негізінде Тұрышта шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Халқы

19992009[1]2021[2]
518636686

Тарихи ескерткіштер

Ауыл төңірегінде Асау-Барақ Дәулетбайұлы, Таумен – Қарағұл, Әжімұрат, Сәулебай, т.б. тарихи-археологиялық ескерткіштер орналасқан.[3]

Инфраструктурасы

Ауылда Тұрыш мектеп- балабақша кешені, Тұрыш селолық клубы, фельдшерлік – акушерлік пункті, «ТрансГазАймақ», «Обаға қарсы күрес» және «Ауа- райын бағдарлау станциясы», Қазпошта бөлімшесі, АТС байланыс торабы, «Бейнеусусервис» КМК-ны қызмет көрсетеді, сонымен қатар ауыл табиғи газ, электр энергиясы, ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Транспорты

Ауылдан «Бейнеу - Жезқазған» теміржолы, «Бейнеу-Бозой» газ құбыры және «Сыңғырлау – Сам – Ноғайты – Тұрыш» грейдер автожолы өтеді.

Ауыл шаруашылығы

Ауылда 13 шаруа қожалығы бар. Жалпы ауыл бойынша мал басы: сиыр – 113, қой мен ешкі – 9499, жылқы – 897, түйе – 1232 басты құрайды. Қысқы мал азығын ауылға «Астық – терминалы» компаниясы жеткізеді.

Дереккөздер