Түрікменстан демографиясы

Түрікменстанның демографиясы (түрікм. Türkmenistanyň demografiýasy) Түрікменстан халқының демографиялық ерекшеліктерін, соның ішінде халықтың өсуін, халықтың тығыздығын, білім деңгейін, денсаулығын, экономикалық жағдайын, діни және этникалық құрамын және халықтың басқа аспектілерін білдіреді. Түрікменстанның ең ірі этникалық тобы түрікмендер деп аталады.

Түрікменстан халқының Жас-жыныстық пирамидасы, 2020

Халық саны

1950–2009 жылдары аралығындағы Түрікменстан халық санының өзгерісі

1959 жылғы халық санағы бойынша елдің нақты халқының саны 1,516 миллион тұрғынды құрады; 1979 жылғы халық санағы бойынша – 2,759 млн; 1989 жылғы халық санағы бойынша – 3,534 млн; 1995 жылғы халық санағы бойынша – 4,481 млн. 2006–2017 жылдары халық саны бойынша еш ресми дерек жарияланбаған.[1]

БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша департаменті Түрікменстан халқының 2008 жылы 4,936 миллион, 2012 жылы 5,268 миллион, 2017 жылы 5,758 миллион деп бағалады.[2]

2021 жылғы санақ бойынша елдегі туу коэффициенті бір анаға 2,04 бала болды.[3]

Ұлттық құрамы

Дәстүрлі киім киген түрікмен жастары. Олар елдің ең ірі этникалық тобы болып келеді.

2015 жылдың ақпан айында оппозициялық басылымдарда 2012 жылғы халық санағының нәтижелерін бейресми дереккөздерден білдік деген жарияланымдар пайда болды. Бұл басылымдарға қарағанда, ел халқының саны 4 751 120 адам болар еді; ұлттық құрамы бойынша 85,6% түрікмендер, 5,8% өзбектер, 5,1% орыстар. Қалғандарының барлығы басқа ұлт өкілдері ретінде көрсетілген. Елде 58 ұлттың өкілдері тұрады.[4]

Түрікменстанның тәуелсіздік алған салысымен түрікмендерден басқа этностар санының күрт азаюын байқай аламыз.

1926–2012 жылдар аралығындағы Түрікменстан ұлттық құрамы
Ұлттық
топ
1926 санақ[5]1939 санақ[6]1959 санақ[7]1970 санақ[8]1979 санақ[9]1989 санақ[10]1995 санақ[11]2012 санақ[12]
Саны%Саны%Саны%Саны%Саны%Саны%Саны%Саны%
Түрікмендер719,79271.9741,48859.2923,72460.91,416,70065.61,891,69568.42,536,60672.03,403,63976.74,066,95985.6
Өзбектер104,97110.5107,4518.6125,2318.3179,4988.3233,7308.5317,3339.0408,2599.2275,5655.8
Орыстар75,3577.5232,92418.6262,70117.3313,07914.5349,17012.6333,8929.5297,3196.7242,3075.1
Қазақтар9,4710.961,3974.969,5224.668,5193.279,5392.987,8022.588,7522.019,0040.4
Әзербайжандар4,2290.47,4420.612,8680.816,7750.823,5480.933,3650.936,5860.849,8521.2
Белудждер9,9741.05,3960.47,6260.512,3740.618,5840.728,2800.836,4280.8
Татарлар4,7690.519,5171.629,9462.036,4571.740,4321.539,2771.135,5010.8
Армяндар13,8591.415,9961.319,6961.323,0541.126,6051.031,8290.933,6380.8
Украиндар6,8770.721,7781.720,9551.435,3981.637,1181.335,5781.023,0640.5
Басқалары51,6155.238,4943.144,1062.957,0262.664,3272.378,7552.271,1681.7142,2853.1
Жалпы саны1,000,9141,251,8831,516,3752,158,8802,764,8483,522,7174,434,3544,751,120

Діни құрамы

Gyzylarbat басты мешіті, Балқан уәлаяты

Түрікменстан халқының басым көпшілігі мұсылмандар (негізінен сунниттер) — 89-90%. Христиандар халықтың шамамен 9%, басқа конфессиялар 2% құрайды.[13] Рұқсат етілген барлық діни конфессиялар мемлекеттік органдардың қатаң бақылауында: 1994 жылы оларды бақылау үшін мүфти, мүфтидің орынбасары, православиелік декан және бір шенеунік кіретін Дін істері жөніндегі «Генгеш» («Кеңес») құрылды. Дін істері жөніндегі генгеш мүшелері мемлекеттің зайырлылығына қарамастан, дін істері жөніндегі велаят кеңестерінің мүшелері (оларды жергілікті бас имамдар басқарады) сияқты бюджет есебінен жалақы ала бастады.[14]

Мемлекет діни білім беруді қатаң шектейді. 2016 жылы қабылданған заң дінді жеке оқытуға толығымен тыйым салды, ал балаларға діни ілімді үйрету тек жеке Комиссия келісімімен ғана рұқсат етіледі.[15]

«Open Doors» халықаралық христиандық қайырымдылық ұйымының 2015 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша Түрікменстан христиандардың құқықтары жиі қысымға ұшырайтын елдердің тізімінде 20-шы орында тұр.[16]

Дереккөздер