Түймедағы

Түймедақ (лат. Matricaria) – астралылар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер.

Түймедағы
дәрілік түймедағы
дәрілік түймедағы
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Өсімдіктер
Бөлімі:Гүлді өсімдіктер
Табы:Қос жарнақтылар
(unranked)Asterids
Сабы:Asterales
Тұқымдасы:Asteraceae
Кіші тұқымдасы:Asteroideae
Тайпасы:Anthemideae
Кіші тайпасы:Matricariinae
Тегі:Matricaria
L., 1753
Үлгілік түрі
Matricaria recutita L.
түрлері

20 түрі белгілі

Қазақстанда Алтайда, Жетісу(Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларының көбінесе ашық жерлерінде өсетін 2 түрі: дәрілік түймедағы (М. recutіta) және кәдімгі түймедағы (М. matrіcarіoіdes) бар. Олардың биіктігі 10 – 35 см. Сабағы бұтақты. Жапырақтары қауырсын тәрізді үш қайтара тілімделген, кезектесіп орналасқан. Гүлі ақ, гүлтозаңы сары түсті, себет гүлшоғырына топталып, дара гүлдері сабақтың ұшында жетіледі. Тұқымынан көбейеді. Мамыршілде айларында гүлдеп, маусым – қыркүйекте жемісі піседі. Жемісі – дәнек. Түймедағы гүлшоғырының құрамында эфир майы (0,5 – 0,12%), терпен, спирт, органикалық қышқылдар, дәрумендер, т.б. заттар бар. Түймедағы – дәрілік өсімдік, оны қабынғанға қарсы әсер ететін, тер шығаратын, ауырған жерді тыныштандыратын дәрі ретінде және клизма жасауға қолданылады. Іш өткенде, ішек түйнегенде ішеді. Сондай-ақ оның антисептик қасиеті де бар. Парфюмерияда, шарап өндірісінде пайдаланылады, гүлінен сары түсті бояу алынады.[1]

Дереккөздер