Тік ішек

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өтуІздеуге өту

Тік ішек (прямая кишка) (intestinum rectum, лат. intestinum — ішек, rectum — тік) — жуан ішектің қысқа соңғы бөлігі. Ол жамбас қуысында омыртқалар мен жыныс мүшелерінің аралығында орналасады.Оның кілегейлі қабығы цилиндр тәрізді көбелі эпителиймен астарланған. Бұрлер болмайды. Ішектің соңғы сыртқа шығар бөлігінде эпителий қабаты көпқабатгы жалпақ эпителийге ауысады. Кілегейлі қабықта лимфоидты құрылымдар көптеп кездеседі. Етті қабық ішкі сақинаша және сыртқы ұзынша қабаттардан тұрады. Сірлі қабықпен тік ішектің тек алдыңғы бөлігі ғана қапталған. Ол ішекті жамбас қуысына іліп тұратын қысқа шажырқай түзеді. Оның артқы бөлігін сыртынан адвентиция қаптайды.[1]

Дереккөздер

қайнарын өңдеу


Навигация мәзірі