Тырду

Тырду (лат. Burhinus oedicnemus) — татреңтәрізділер отрядына жататын құстың бірі. Жәндіктерді, бақаны, кесірткені, тышқанды қорек етеді, түнде ұшады.[2]

Тырду

Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Хордалылар
Табы:Құстар
Сабы:Татреңтәрізділер
Тұқымдасы:Burhinidae
Тегі:Burhinus
Түрі:B. oedicnemus
Екі-есімді атауы
Burhinus oedicnemus
(Линней, 1758)
Burhinus oedicnemus insularum

Сипаттамасы

Тырду – мөлшері орташа (300-400г, қанат серпімді -90 см дерлік), қауырсын жабыны қоңыр шұбар реңді құс. Ол бадырақ көзді ( сондықтан жемін түнде аулайды), кішкене дуадаққа ұқсайды. Көзі , аяғы- сары, тұмсығының түбі сары, ұшына қарай қошқыл түске ауысады.Тынду Еуропаның оңтүстік бөлігінде, Солтүстік Африкада, ОңтүстікмБатыс Азияда мекендейді. Қазақстаның оңтүстік жартысында, шөл, шөлейт және құрғақ далада өмір сүреді. Негізінен алғанда бунақденелілермен қоректенеді, дегенмен кесірткелерді және шағын денелі кеміргіштерді де аулайды.Суатқа ұдайы ұшып барады. Жеке жұп құрады, тек қана маусымдық жылыстау кезеңінен топтасып, жиналады.Көбінесе шұңқырламай, топыраққа екі қоңыр шұбар жұмыртқа салады. Жұмыртқа басуға екі құс қатысады. Қазақстанда екі туыстан бес түрдің өкілдері кездеседі.

[3]==Дереккөздер==