Томас Бролин

Пер Томас Бролин[1], Томас Брулин (швед. Tomas Brolin; 29 қараша 1969(19691129), Худиксвалль, Евлеборг, Швеция) — швециялық футболшы, шабуылшы. 1990, 1994 жылдары Швециядағы жыл футболшысы атанды. 1994 жылғы әлем чемпионатының символикалық құрамына енгізілді.

Томас Бролин Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Лақап аттары

алтын балақай

Туған күні

29 қараша 1969 (1969-11-29) (54 жас)

Туған жері

Евлеборг, Швеция

Азаматтығы

Швеция Швеция

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтады

Клуб карьерасы[* 1]
1984—1986Швеция Насвикен36 (10)
1987—1989Швеция Сундсвалль55 (13)
1990Швеция Норрчёпинг9 (7)
1990—1995Италия Парма133 (20)
1995—1997Англия Лидс Юнайтед19 (4)
1996 Швейцария Цюрих3 (0)
1997 Италия Парма11 (0)
1998Англия Кристал Пэлас13 (0)
Ұлттық құрамы[* 2]
1990—1997 Швеция47 (26)

Карьерасы

"Навискен" клубының түлегі. 1984 жылы карьерасын осы клубта бастап, екі маусым ойнады. 1987 жылы "Сундсвалль" клубына ауысты. 1990 жылғы маусымды "Норрчепингте" өткізді.

1990 жылғы әлем чемпионатынан соң "Парма" футболшысы атанды. Сол жылы ғана Италия А сериясына жолдама алған клуб 1990/91 жылғы маусымды 7-ші орынмен аяқтады, ал Бролин жеті голдың авторы атанды. Ал келесі маусымда Бролин не бары төрт гол ғана соқты, есесіне Италия кубогын иеленді (клуб тарихында бірінші рет).

1995 жылы "Пармаға" Христо Стоичков келген соң Бролин негізгі құрамнан ығыстырылды, оның үстіне жиі жарақаттана беретін футболшымен клуб басшылары келісім шартты созған жоқ, солайша футболшы "Лидс Юнайтедке" ауысты. Бірақ англиялық клубта да футболшының жолы бола қоймады, алаңға жиі шыға алмай, бір маусымнан соң жаңа клуб іздеуге мәжбүр болды да, "Цюрихке" жалға берілді. Ал 1996 жылы желтоқсанда бұрынғы клубы "Пармаға" жалға берілді.

1997 жылы күзде "Кристал Пэлас" футболшысы атанды. 1997/98 жылғы маусымда клуб төменгі лигаға түсіп кетті, ал Бролин 13 кездесуде алаңға шығып, бір гол да соға алмады.

1998 жылы 12 тамызда карьерасындағы соңғы ойынын қақпашы ретінде өткізді (ойынның 78-ші минутында алаңға шықты).

Жетістіктері

Командалық

Жеке

Қатысқан турнирлері

Дереккөздер

Сілтемелер