Тимоти Кастань

Тимоти Кастань (фр. Timothy Castagne; 5 желтоқсан 1995 жыл, Арлон, Бельгия) — бельгиядық футболшы, «Лестер» клубы мен Бельгия ұлттық футбол құрамасының қорғаушысы.

Тимоти Кастань Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

5 желтоқсан 1995 (1995-12-05) (28 жас)

Азаматтығы

Бельгия Бельгия

Бойы

185

Салмағы

80

Позиция

қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Англия Лестер Сити

Номері

21

Жастар клубы
2002—2004Бельгия Вальсин
2004—2006Бельгия Женесс Лорайн Арлонез
2006—2011Бельгия Рояль Эксельсиор (Виртон)
2011—2014Бельгия Генк
Клуб карьерасы[* 1]
2013—2017Бельгия Генк80 (1)
2017—Италия Аталанта75 (5)
2020—Англия Лестер Сити1 (1)
Ұлттық құрамы[* 2]
2018—Бельгия Бельгия8 (2)

Клубтық карьерасы

"Генк" футбол клубының түлегі. 2013-17 жылдары төрт маусым осы клубта ойнады.

2017 жылы жаздан бері "Аталантаның" футболшысы. 10 қыркүйекте "Сассуолоға" қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты[1]. 2018 жылы 27 тамыз күні клубы "Рома" қақпасына клуб сапындағы тұңғыш голын соқты[2].

2020 жылы жазда "Лестер Ситиге" ауысты. 13 қыркүйекте Англия чемпионатының бірінші турында "Вест Бромвичке" қарсы тұңғыш рет жаңа клубы сапында алаңға шығып, бір гол соқты[3].

Халықаралық карьерасы

2018 жылы 7 қыркүйек күні Шотландияға қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында алаңға шықты[4].

2019 жылы 8 маусым күні Қазақстанның қақпасына тұңғыш голын соқты.

Дереккөздер

СІлтемелер