Тау әскерлері

Тау әскерлері таулы жерде ұрыс қимылдарын жасауға арналған және арнайы үйретілген жалпы әскери, артиллериялық, инженерлік және басқа бөлімдер мен құрамалар.

Кейбір армиялардағы Тау әскерлерінде ерекше штаттық ұйымы бар, олар альпілік әскерлер (Франция, Италия), таулы жаяу әскерлер (ГФР, Грекия), жеңіл жаяу әскерлер (Қытай) деп аталады.

Тау әскерлері, әдетте, жеңілдетілген қарулармен, аз габаритті (аз көлемді) және жоғары өтімділігі бар әскери техникамен, көліктік құралдармен, ал артиллерия зениттік-артиллериялық белімшелермен жабдықталады.[1]

Дереккөздер